Мешітті ақ қайың мен шырша ажарландырды

Қалалық сенбіліктен серпін алған қала тұрғындары тазалық пен ағаш отырғызу шараларын жалғастыруда. Сенбіліктен кейін сенбілік жасап жатқандардың қатарында Алатау ауда­нының тұрғындары да бар. Алатау­лықтар сенбі күні «Бекет ата» мешітінің төңірегін тазалап, көгалдандырды. Бұл іс-шараға «Бекет ата» мешітінің бас имамы Орынбасар қажының шақыр­уымен Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет, Алатау ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, Алматы орталық мешітінің қызметкерлері мен ауданда орналасқан мешіттердің имамдары, мешіт жамағаты ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында мешіт ауласына 15 түп шырша, 10 түп қайың және жеміс ағаштары және 100 түп раушан гүлінің көшеті отырғызылды. Ортақ іске жұмыла кіріскен жамағатының жұмыстарына дән риза болған мешіт имамы ағаш отырғызу Ислам дінінде сауапқа кенелетін игі шаралардың бірі екендігін атап өтіп, Орынбасар қажы іс-шараға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Ағаш отырғызып, гүл еккен көп­шілік ақ дастархан басында бас қосып, дәмнен ауыз тиді. Дін мен дәстүр, иман мен сауапты істер жөнінде әңгімелер айтылып, тұрғындар тарапынан болған кейбір сауалдарға жауап берілді.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *