Мерекені қуанышпен атап өтті

%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d1%83-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf

Балнұр АХМЕТ

1 наурыз «Алғыс айту күні» – Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Кең-байтақ елімізде үлкен қуанышпен атап өтілетін осы айтулы мерекеге орай, кеше Медеу ауданындағы білім орда­ларында түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Б.Мо­мышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде «Алғыс айту күні» аясында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері Асылы Османмен кездесу өтті. Ана тіліміздің жанашыры, қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы шәкірт­терді туған жерін, елін сүюге шақы­рып, егемен еліміздің абыройын асқақта­татын азамат атануына тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «Алғыс айту күні­не» арналған мерекелік шара ұйым­дастырылды. Шараның шымыл­дығын колледж директоры, ҚР Еңбек сіңір­ген қайраткері Д.Уәшев құттық­тау сөз сөйлеп ашты. Елі­міздің ертеңін жалғайтын жалынды жас­тарды ақ тілегімен қанаттан­дырған білім ордасының басшысы салтанатты шарада ұлағатты ұстаздар мен білі­мімен өз ортасынан озған бірқатар студенттерді «Алғыс хатпен» мара­паттады. Белсенділігімен ерекшелен­ген жастардың арасында «Тәуелсіздік мұраты – мәңгілік ел» атты студенттер конференциясында үздік баяндама­лардың авторлары мен жетекшілері, Тараз қаласында Бас жүлдеге ие бол­ған КТК командасы мүшелері,  С.Бе­галин атындағы  Мемлекеттік  бала­лар  кітапхана­сының және Респуб­ли­калық «Са­лауатты өмір-салтын қор­ғау» орталығының мәдени іс-шара­ларына белсене атсалысқан студент­тер бар.

Ал, Медеу ауданындағы №163 мектеп-лицейінде «Алғыс айту күніне» орай мектеп дәлізінде бұрыш ұйым­дастырылып, 100-ден аса оқушының қатысуымен «Алғыс айтамын» атты флешмоб өтті. №100 мектеп қабырға­сында білім алатын түрлі ұлт өкіл­дерінен құралған оқу­шылардың қатысуымен «Алғысы­мызды білдіре­міз!» атты мерекелік шара ұйым­дастырылды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *