МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙДІ КӨРДІМ

Наталья РОМАНОВА,

Орлов облысы губернаторының көмекшісі

 Сайлауға бақы­лаушы болудан көп жыл­дық тә­жірибем бар. 2009 жыл­дан бері сайлау нау­қан­дарына белсенді қаты­сып келемін. Көбі­несе  Ре­сей аума­ғында өтетін сай­лауда бақы­лаушы болдым. Соңғы рет Ар­ме­ния­дағы Пар­ла­мент сайлауының про­цесін көзіммен көрдім. Бақы­лау жасадым.

Бақылаушы ретіндегі біздің миссия­мыз – сайлау учаскелерінде болып, сай­лау барысын бақылау, сай­лаудың қалай жүргізіліп жатқанын білу. Алма­ты­дағы оннан аса сайлау учас­ке­лерінде болдым. Сайлаудың жалпыха­лықтық мерекелік көңіл-күйде өткенін айтқым келеді. Учаскелерді аралау бары­сында жоғары ұйымдастыру­шылық деңгейді байқадым. Мұндағы сайлаудың өрке­ниетті мемлекеттерде өтетін сайлау­лардан еш айырмашылығы болған жоқ. Ондағы заң бұзушылықтар немесе қандай да бір келеңсіздіктердің орын алғанын байқамадым. Халық мәдениетті, сауатты. Дауыс беруге кел­ген сайлау­шыларға комиссия мүшелері барлығын түсіндіріп, еркін таңдау жасауына мүм­кіндік жасады. Бұл сайлау талаптары­ның толығымен орындалуын, бір ізге түскен жүйенің жұмыс жасап отырған­дығын көрсетеді. Сонымен қатар, сайлаудың бұлай өтуі Қазақ­станда демо­кратияның ойдағыдай дамып келе жатқанын байқатады. Президент­тікке кандидаттардың ішінде әйел адам­ның болуын да жақсылыққа баладым.

Жалпы, Қазақстан – қарыштап дамып келе жатқан мемлекет. Елдің бұған дейін Президенті болған Нұр­сұлтан Әбішұлының жүргізген саясаты әлемді таңдандырып келді. Өсу-өркен­деу үстіндегі мемлекетте халқы­ның әл-ауқаты жақсарып, елде әркез тыныш­тық пен бірлік салтанат құрға­нынан хабардармыз.

Сайлау бір күндік болғанымен, ол көпкүндік келешектің таңдауы. Сай­лау­дың түрі көп. Бірақ ел Президентін сай­лау­дың жөні бөлек. Өйткені, ол ел тағды­рын шешеді. Қазақ еліне осындай сын­дарлы сәттен сүрінбей өтуіне тілектеспін!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *