«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Президен­тінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерей­лі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының ауданда­рында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың бірінші кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты – отбасы инсти­тутын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және кеңінен дәріптеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін дәріптеу болып табылады.

Конкурсқа қатысуға  еңбекте, спортта, шығармашылықта, зият­керлік салада, ғылымда жоғары жетістік­терге жеткен отбасы мүшелері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтініш аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

  1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәланды­ратын құжаттардың көшірмелері, балалар­дың туу туралы куәліктерінің көшірме­лері;
  2. асырап алушы (қорғаншы) отбасы­лар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншы­лықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
  3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  4. ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшір­мелері;
  6. балалардың, ата-аналардың (қор­ған­­шылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінез­демелер;
  7. ұсынымдар (әріптестерінің, көрші­лерінің, достарының);
  8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорт­тағы, шығармашылық, зияткерлік сала­­дағы, ғылымдағы жетістіктерін куә­ланды­ратын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжат­тарды 2018 жылдың 1 сәуірінен 30 сәуіріне дейін Алматы қаласы аудандарының  әкім­дік­­теріне келесі мекен-жайлар бойынша тапсырылады:

Алатау ауданы әкімінің аппараты, Шаңырақ 2 ы.а., Жанқожа батыр көш., 26; каб.401. Байланыс телефоны: 299-86-13;

Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Абылай хан даңғ., 74 а; каб.101. Байланыс телефоны: 261-51-20;

Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Алтынсарин даңғ., 23; каб. 424. Байланыс телефоны: 303-25-60;

Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көш., 191; каб. 212. Байланыс телефоны: 274-67-01;

Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Құлагер ы.а., С.Серіков көш., 2 а; каб. 308. Байланыс телефоны: 384-27-58;

Медеу ауданы әкімінің аппараты, Пушкинкөш., 72; каб. 307. Байланыс телефоны: 291-61-81;

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, Шұғыла ы.а., 222; каб. 412. Байланыс телефоны: 307-45-53;

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, Шолохов көш., 9; каб. 202. Байла­ныс телефоны: 223-11-15.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *