Менің мақтанышым

Мен де осыдан төрт жыл бұрын мек­тептен қанат қағып, Алматы қала­сының №4 мектебін «Алтын белгімен» бітіріп, өмірдің жаңа асуына қадам басар сәтке келгенде, көп толғанып, мың ойландым. Соңғы шешімім әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни­вер­ситетінің Экономика және бизнес қаржы мектебінің Қаржы мамандығы болды. Көзді ашып-жұмғанша 4-курс болып, университет қабырға­сындағы соңғы айларым ғана қалды. Талапкер болған кездегі дұрыс шешім қабыл­дағаныма шын жүректен қуанамын. Ал қаржы мамандығын таңдаған себебім, ең алдымен, бұл – үлкен лауазымды орын­да орналасудағы жеке тілегім. Қаржыгер мамандығына деген сұраныс жоғары. Кез-келген мекеме қаржы ре­сурстарын тиянақты әрі дұрыс басқара алатын маманға қызығушылық таны­тады.

Қазіргі күнде ҚазҰУ – ерек­ше мәрте­бесі бар Қазақ­станның жетекші классика­лық универ­ситеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамы­тудың ұлттық көшбас­шысы. Еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республи­касы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Ол – Thomson Reuters халықаралық агенттігі «Ғылым саласындағы көрнекті жетістіктер үшін» арнайы дипломымен марапат­талған алғашқы және жалғыз қазақстандық университет.

Біздің университетімізде қазіргі күні 20 000-ға жуық студент бакалавриат, магист­ратура және PhD бойынша білім алуда. Сондай-ақ, ҚазҰУ – тек университет қана емес, сондай-ақ жастар қалашығы. Себебі, студенттердің тек білім алуына ғана емес, басқа да қызығу­шылықтарымен айналы­суына және өзге қалалардан келген студент­тердің қолайлы өмір сүруіне жағдай жасал­ған. Онда 14 оқу ғимараты, 16 студенттік жатақхана, Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы, Орта Азия бойынша ең үлкен кітапханалардың бірі – әл-Фараби кітапханасы, тамақтану комбинаты, Интер­нет-орталық, спорт кешені және стадион, Д.Баландин атындағы жүзу бассейні, «Кере­мет» студент­терге қызмет көрсету орта­лығы, оқу базасымен қамтылған заманауи баспа-полиграфиялық кешен, агробиостанция (Жаңа­та­лап ауылы), Ыстық-Көлдегі спорттық-сауықтыру лагері жұмыс істейді.

Университеттің ғылыми және техноло­гиялық әлеуетінің халықаралық танымал­ды­ғын ҚазҰУ-да Hewlett-Packard, Cіsco, Іntel, Konіca mіnolta, Mіcrosoft әлемдік танымал ком­паниялардың оқу және ғылыми орталықтары мен зертхана­ларының құры­луы дәлелдейді. АҚШ, Ұлы­бри­та­ния, Қытай, Германия, Финлян­дия, Жапо­ния және басқа ел­дерден келген шетелдік серік­тестермен бірге ІNTAS, МАГАТЭ, ЕО, НАТО, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО қар­жыландыратын көптеген ірі халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылуда.

Мен осындай көшбасшы университе­тіммен мақтанамын!

 

Райымбек ӘДІЛОВ,

ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі

Қаржы мамандығының

4-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *