Менің балам қандай?

Ата-аналарға арналған тренинг

Кез-келген ата-ана үшін ең қасиеттісі өзінің тәрбиелеп отырған баласы. Сондықтан біз №62 балабақша шаңырағында ата-аналардың қатысуымен «Менің балам қандай?» деп аталатын тренинг өткізген едік.

Өйткені, баланың дамуына, тұлға болып қалыптасуына ата-аналардың ықпалы өте зор. Алдымен ата-аналардың қатысуымен шаттық шеңберіне қол ұстаса тұра-тұра қалдық. Сосын неліктен шаттық шеңбері деп аталатынын сұра­дым. Шеңбер дегеніміз, көктегі күн сияқты дөңге­лек. Күн көкте тұрып бүкіл әлемді нұрға бөлеп тұр. Сондықтан шаттық шеңбері арқылы бір-бірімізге бақыт, қуаныш, күлкі сыйлай аламыз. Осылайша ата-аналар өздерін танысты­руды бастаған еді. Өзінің атын айтып қана қоймай, екі-үш сын есімді қосып таныстырды. Сонда Айсұлу есімі, айдай сұлу Айсұлу болып шыға келді.

Тренингтің тағы бір қызықты өткен сәті табиғат­пен байланысты болып келді. Ата-аналар өз қалалары бойынша ағаш, тамыр, діңі, жапырақ, т.б. таңдады. Психологтің айтуынша, тамырды таңдағандар істің нәтижесіне мән беретіндер, жапырақ, сұлулық, діңгек  біреуге тірек, сүйеу болатын адам  екен. Келесі кезекте ата-аналар тренингтің негізгі бөліміне қатысты. «Менің балам қандай?»  деген сауалға ата-аналар баланың бойын­дағы барлық  ізгі қасиеттерін қалыптас­тыратын өздері екендіктеріне көз жеткізді.

Тренинг барысында ата-аналар өздерінің балаларына деген махаббаттарын ойын тілімен де жеткізе білді.

«Балама қандай жылулық беремін» деген ойын арқылы да ата-аналар өздерінің  жылы сөздерімен балаларын аймалап, еркелетіп, барлық мейі­рімдерін төкті. Тренинг соңында  «Мінсіз емес» деген аңыз әңгіме тыңдады. Жалпы, тренингтің  мақсаты — өзінің билігіне жетті деген ойдамыз.

Біздің мақсат – ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жеткізе отырып, жағымды қарым-қатынас орнату ғана.

 

Ж.АЛЬДЕКОВА,

№62 бөбекжай-балабақшасы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *