Менің анам – алтын адам

Рая ЕСКЕНДІР

 

Медеу ауданындағы Ы.Алтынсарин атын­дағы №159 гимназияның Жанар Құсайынова жетекшілік ететін 2 «г» сынып оқушылары көктем мерекесін, аналар мерекесін зор дайындықпен қарсы алып отыр. Небәрі екінші сыныпта оқып жүрсе де балалар өте талантты, жан-жақты. Тәрбиелі балалардың сабақтары да, ортада өздерін ұстауы да ерекше екендігі байқалды. Міне, оқушылар өздерінің асыл аналарына арналған бағдарламаны ұсынды. «Анасы мен баласы», «Ана мақтаныш», «Үш ана», «Жеті лақ» сияқты көріністерді сахналаған оқушылар ананың баласына деген махаб­батын суреттеп, көрсете білді.

Аналарын мақтанышпен өлеңге қосып, көктемнің жылы лебіне, күннің көзіне, бұлақтың сылдырына теңеген балалардың махаббаты да тіл жетпестей көркем болды. Осылайша сынып сағатына қатысып, балаларының үлкен ой түйіп, азамат болып қалғанына олардың аналары да риза болып жатты. Аналарымыздың көңілін кірлет­пейік, шашын ағартпайық, ол үшін сабақ­ты жақсы оқиық деген екінші сынып оқушылары домбыра тартып, ән салды, мың бұрала би биледі. Періште көңіл балаларының құттықтауына аналар да риза болды. Бұдан артық сыйлық бола ма?

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *