МЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІМ

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асырады.

Жобаның мақсаты – толе­ранттықты тәрбиелеу және әр түрлі халықтың мәде­ни дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани-адамгер­шілікті дамыту, қазақ­тың және барлық этностың бір-біріне және қазақтарға алғыс айтуы, мейірімділік, достық және барлық қазақ­стандықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көп­ұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.

Мереке қарсаңында респуб­ликаның барлық мектебінде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мере­келік іс-шаралар, танымал адам­дармен, ардагерлермен кез­десулер, жылжымалы көр­мелер, байқаулар өткізу жос­пар­лануда.

Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлы­ғынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала­ларға толеранттық тәрбие бо­йынша практи­ка­лық жұмысты ұйымдастыруға мүм­кін­дік бере­ді. Жоба іс-шараларды аудандық (қалалық), облыстық деңгей­лерде өткізуді қарасты­рады және бала­ларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Жоба балалардың тұлға­аралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениеті бойынша білімін, білігін және дағды­ларын қалыптастыруға, ұлты басқа құрдастарына толе­рантты қарым-қаты­нас дағды­ларын дарытуға, балаларды ұлттық мәдениетті, түрлі халық пен елдер­дің әдет-ғұрыптары мен дәстүр­лерін зерделеуге мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде Алматы қаласында 2019 жылғы 28 ақпан – 1 наурыз аралы­ғында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала­ларға арналған ұйымдардың тәрбиеленуші­лері арасында «Қазақстан – менің алтын бесі­гім» республикалық балалар фести­валі өткізіледі.

Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы көркем және сәндік-қолдан­балы өнер арқылы олардың тұлғалық ре­сурстарын көрсетуіне, шығар­машы­лық әлеуеттері мен жеке мүмкіндік­терін дамыту про­цесінде өздерінің даралық­тарын сезінуіне, толеранттық, достық және бір-біріне деген құрмет, Қазақстандағы этнос­аралық келісім мен ұлтаралық байланысты бекіту басты тақырыбы болатын зияткерлік бай­қаулар мен құрылымдық дискуссия­ларды насихаттауға ықпал етеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сый­лықтар, жетекшілеріне алғыс хаттар беріледі.

 Қосымша ақпарат білу үшін мына теле­фондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 64 27 32; 64 27 31; e-maіl: rumcdo. muz@ maіl. ru.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *