«Мен – Тәуелсiз елдiң ұрпағымын»

Орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнiң №39 және 24 кiтапхана бөлiмшелерiнiң ұйымдастыруымен қалалық №17 мектеп-интернатында ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы және Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығына тәуелсiз елiмiздiң тарихын жас ұрпаққа таныстыру, Желтоқсан көтерiлiсi туралы шындыққа көз жеткiзу, елiн, жерiн, халқын сүюге тәрбиелеу мақсатында «Мен – Тәуелсiз елдiң ұрпағымын» атты әдебитақырыптық кеш болып өттi. Оның аясында «Мәңгiлiк жансын бағың, Тәуелсiз Қазақстан» тақырыбында кiтап көрмесi ашылды.Кеште қазақ ақын-жазушы сазгерлерiнiң Тәуелсiздiкке жазылған өлең-жырлары оқылып, әндерi айтылды. Желтоқсан көтерiлiсiне байланысты көрiнiс көрсетiлiп, Тәуелсiздiк тақырыбына сұрақ-жауап жүргiзiлдi. Кешке Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегерi, балалар жазушысы Шәкен Күмiсбайұлы қатысты.

Қала мәдени мұрасының насихатталуы қалай?

А.П.Чехов атындағы кiтапханада «Алматы қаласының мәдени мұрасы» атты оқырмандар конференциясы болып өттi. Конференцияның мақсаты – бүгiнгi күнi Алматы қаласының кiтапханаларында адамгершiлiкке, мәдениеттiлiкке, өз елiнiң патриоты болуға баулу мақсатында «Мәдени мұра» мемлекеттiк бағдарламасы аясында жарық көрген кiтаптарды оқырманға насихаттау және олардың кiтап оқуға деген қызығушылығын ояту едi.

Кеште ҚР ҰҒА тарих және археология институтының аға ғылыми қызметкерi А.А.Горячев – «Алматы қаласының мәдениархеологиялық ескерткiштерi» атты баяндама жасады. Сосын «Алматы қаласының мәдени мұрасы» бағдарламасының орындалуы және оны Орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiнде насихаттау жұмыстары туралы Р.Қабиева әңгiмелеп бердi. «Алматы қаласының мәдени мұрасы» атты кiтап көрмесiне А.П.Чехов атындағы қалалық орталық кiтапханасының оқырманға қызмет көрсету бөлiмiнiң меңгерушiсi Л.Баймолдина шолу жасап, кiтаптармен таныстырды.

Жастар рухын көтеру жәйi с;з болды

Жамбыл атындағы мемлекеттiк жасөспiрiмдер кiтапханасында «Жарқын болашақ – жастар қолында» атты азаматтық сабақ өткiзiлдi. Оқырман қауымның өз елiне, туған жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыру, Қазақстанның Тәуелсiздiгiн нығайтудағы жастардың рөлi, ана тiлiн қадiрлеп, Отанының шынайы азаматтарын қалыптастыруға, патриоттық сезiмiн оятуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сабаққа Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясының академигi Тұрлығұл Тотай, «Жас Отан» жастар ұйымының атқарушы директорының орынбасары Ақылбек Меңдiғалиұлы қатысып, бұл сабақты кiтапхананың бас маман кеңесшiсi – С.Бекмағанбетова жүргiздi.

* * *

Сондай-ақ, ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы қарсаңында №4 кiтапхана бөлiмшесiнде «Жұлдызды жиырма күн» айдарымен «Елбасының ерен еңбегiмен Арқада бой көтерген әсем қала» атты кiтап көрмесiнiң ашылуы мен оқырмандар конференциясы, Жамбыл атындағы жасөспiрiмдер кiтапханасында «Шаңырақ» атты Тәуелсiздiк жылдарындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасы туралы пiкiр алмасу жиыны болып өттi.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *