«МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»

image12

Серік ЕСМАТОВ,

паралимпиадашы, Халықаралық дәрежедегі І дәрежелі спорт шебері

 

Өткен жылы Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың бастама­сымен «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында еліміз бойынша «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы қолға алынған еді. Тың жобаның мақ­саты – тәуелсіздік алған жыл­дардан бері еліміздің дамуына айрықша үлес қосқан нағыз ең­бек адамдарын, олардың табыс­қа жету жолын көпшілікке таныс­тыру, насихаттау. Жыл со­ңында сол жобаға енген 100 адам­ның есімі анықталды.  Жүз­дік­тер тізімінде алматылық пара­лим­пиадашы Серік Есматов та бар.

— Бүгінде Елбасы сенімін ақтау жолында еңбек етіп, ерекшелігімен көзге түсіп жүрген белсенді жастар көп. Прези­дент үнемі жастарға сенім артады. Мем­лекет басшысы «Жастар – болашақтың іргетасы, кемел келешектің иесі» деген сөздерді де жиі айтады. Өзімде «100 жаңа есім» тізіміне енемін деген ой болмапты. Мені Алматы қаласының әкімдігі ұсынған екен. Алғысым шексіз, – дейді Серік Есматов.

image1

–       Өткен жыл соңында  Президентпен жүздесіп, тілегін тыңдап, алдағы қадам­дарыма бағыт-бағдар алған жастардың бірі болдым. Елбасының жастарды қолдау бағытындағы әр тапсырмасы әрбір жасқа жақын деп білемін. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлымен болған кездесуім мені ерекше шабыттандырды. Ертеңгі күнге, жарқын болашаққа нық сеніммен қарауға күш берді, – дейді біздің кейіпкер.

Серік 1998 жылы Алматы қала­сында дүниеге келген. Спортқа бала күнінен жақын болыпты. Айтуынша, жас­тайынан жүзумен белсенді түрде айналысқан. Бұл салада жеткен жетістіктері де аз емес. Жас спорт­шының мақсаты – жүзу спор­тын­да тер төгіп, байрақты додаларда елдің намы­сын қорғау еді. Серіктің   қо­лы бос кезде шұғылданатыны тек қана спорт болыпты. Жас­өспірімдер ара­сында өткен жа­рыстар­дың бірінде велосипед те ұтып алған екен. Сөйтіп жүр­генде олимпиада чемпионы Серік Сә­пиев жетекшілік еткен жасөспі­рімдер ара­сын­дағы олимпиа­далық резерв коман­дасына да қабыл­дана­ды. Осылайша алғашқы жетіс­тіктерге де жете бастайды. Жалпы, балалық шақта спорт­тың барлық түріне қызығушылық танытқан Серік жүзу саласына ерекше мән берген екен.

Алайда, Серіктің тағдыры бір-ақ күнде күрт өзгерді. 2011 жылы 30 тамызда ол қос аяғынан айырылып қалады.

– «Алматы-1» теміржол стансасының маңында тұрамын. Сейфуллин мен Райым­бек даңғылдарының қиылысындағы залда жаттығатын едім. Үш сағаттық ұзақ жат­тығудан кейін үйіме қайтып бара жаттым. Үйіме жету үшін шойын жолды кесіп өту керек. Сол күні теміржолдан өтем дегенде, пойыздың астына қалай түскенімді білмеймін. Қатты шаршаған болуым керек, пойызды байқамай қалыппын. Бәрі әп-сәтте болды. Оқыс жағдайды көрген сол маңдағы күзетші тез арада жедел жәрдемді шақырды. Қалалық №4 аурухананың дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірінші отада-ақ бір аяғымнан айырыл­дым. Араға екі ай салып, дәрігерлер екінші аяғымды да кесіп тастауға шешім шығар­ды, – дейді.

Ота­дан кейін Серіктің қал­пына келуіне екі жылдан астам уақыт кеткен екен. Осы уақыт аралығында жаттығу залынан қол үзбеген ол тоғыз айдың ішінде протезбен жүруді үйренеді. Расымен де, Серіктің шапшаң қимылынан сырт көз оның аяғы протез екенін де байқамайды. Сонымен қатар ол осы аралықта үйде білім алып жүрген еді. Бірақ оның мақсаты замандас­тары сияқты мектепте білім алу болды.  Серік сол мақсатына жете білді. Кейін­нен мектепті тәмамдап, Қазақ спорт және туризм академиясының студенті атанады.

image17

«Тағдырыңа не жазылса, соған көнді­гесің деп жатады. Мен өзімді ешқашан мүгедек санаған емеспін. Қоғамның толық мүшесі ретінде менің де алға қойған мақсаттарым бар», – дейді Серік.

Оның үстіне «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ену мәртебесіне екінің бірінің қолы жете бермейді.

– Ең әуелі, бұл жетістігімді ата-анам­ның жеңісі деп білемін. Екінші­ден, жастар­ға үлкен бір ынта­ландыру болады деп ойлаймын, – дейді жас спортшы.

Жоғары айтқанымыздай, Серік­тің мүге­дектігі туа біткен жоқ, жүре пайда болған. Деген­мен, ол  өмірге деген құштар­лығын жоғалтқан емес. Тағдырдың тәл­ке­­гіне ұшы­раса да, кездескен кедергілерге мойымай, алға ұмты­лып келеді. Өр рух пен қайсар­лықтың арқасында спортпен шұғыл­данып, жасымай,  өзгелерге қалай өмір сүру керектігін көр­сетіп жүр. Серік ерікті (волонтер) болып қызмет те атқарады. Серікті танитын адамдар оның қайсар­лығына дән риза.

Дайындаған —

Мәншүк БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *