Мен біздің олигархтардың маңдайы терлеп жұмыс істемей миллионер, миллиардер бола алатынына таңым бар

Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, абайтанушы, ғылым докторы:

– Кедей мен байдың арасал­мағы алшақтаған сайын қоғамнан тыныш кетеді. Оның үстіне, біздің байлардың дені – ат төбеліндей бір шоғыр ғана. Оларда билік те, байлық та бар. Олардан салық та алынбайды. Заңды өздеріне икемдеп алған. Екеумізден алынатын салық айына миллион доллар табатын дөкейлерден де алынады. Осы әділ ме?

Мен біздің олигархтардың маңдайы терлеп жұмыс істемей миллионер, миллиардер бола алатынына таңым бар. Миым жетпейді. Тіпті олардың өзі ғана емес, баласы мен немерелері де жұмыс істемейді. Бірақ ақшалы. Тоқсанға келген, өмір бойы ғылымға, ұлтқа еңбек еткен менің өзімде ондай ақша жоқ. Ал оларда қайдан келген ақша? Не салыққа төлемейтін, не халыққа төлемейтін байлық­тарының сұрауы жоқ па?

…Білім саласы осы жүйеге ауысқалы қалтасы қалың әкім-қара, шенеуніктер мен әнші-әртістер жаппай магистратура мен докторантураны оқуға көшті. Қауашағында білім жоқ, бірақ қалтасында PһD доктор деген таудай атағы бар. Бұл да бүгінгі білім жүйесіндегі былықтың бір көрінісі.

 

(«ЖАС ҚАЗАҚ», 9.08.2019.).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *