Мемлекеттік қызметшінiң мәдениеті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталық аппаратының тапсырмасы бойынша Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен 19 және 20 қазанда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет және әдеп нормалары туралы заңнама талаптарын сақтауы бойынша алдын алу жұмыстары шеңберінде Алматы қаласының мемлекеттік органдарының бірінші басшылары арасында онлайн семинарлар өткізілді.

Семинарлар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалы базасында өткізілді. Семинарлардың басты бағыты мемлекеттік қызметшінiң қоғаммен өзара іс-қимыл кезіндегі моральдық-этикалық құндылықтары мен мінез-құлық мәдениеті  болды.

Семинардың модерациясын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Секенов Дастан мен Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Дана Жантемирова жүргізді.

Спикерлер құрамына: Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы; медиа-тренер, тәуелсіз PR-консультант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Берлібай Ақерке Берлібайқызы кірді.

Спикерлер коллаборациясы нәтижесінде мемлекеттік органдардың практикалық қызметінде туындайтын Этикалық кодекс бойынша негізгі мәселелер талқыланды. Әлеуметтік желілердің нақты жағдайларына негізделген медиа-тренер ұсынған мазмұн егжей-тегжейлі пысықталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *