МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Самбодан ардагерлер арасындағы әлемдік дода Марокко елінде өтті

Руслан Кенжебеков – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті  Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы. Спорт шеберлері арасында самбо бойынша чемпионат ағымдағы жылғы 19–22 қазанда Марокконың  Касабланка қаласында өтті.

Жарыс 35–39, 40–44, 45–49, 50–54, 55–59, 60–65 және 65 жастан жоғары жас ерешеліктеріне қарай, ерлер арасында 62, 68, 74, 82, 90, 100 және 100 кг.-астам салмақ санаттары бойынша өтті.

Өз салмағында ел намысын қорғаған Р.Кенжебеков көп жылғы тәжірибесін көрсетіп, қарсыластарының бәрін жеңіп, әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Әлем чемпионы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды.

Әлемдегі самбо ардагерлерінің басын қосқан осындай турнир Касабланка қаласында 2012 жылы да өткен болатын.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсеке­лестікті және тұтынушылардың құқық­тарын қорғау комитеті және «Қазақстан спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» РҚБ  Руслан Кенжебековті  абыройлы жеңісімен құттықтады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *