Мемлекеттік қызмет мен үшін нені білдіреді?

Мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік қызмет­керлердің мемлекеттік органдардағы лауазымдық өкілеттіктерін іске асыруға бағыт­талған мемлекеттік биліктің міндеттері мен функ­циялары. Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік қызметі қоғамдық процестерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және ҚР азаматтарының мүдделерін іске асыруға міндетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет – бұл мен үшін бірінші кезекте қызығушылықпен орын­дайтын қызмет пен жауапкершілік. Мемлекеттік қызмет  үлкен бір механизм. Мұнда мемлекеттік қызметкерлер негізгі бағыттаушы болып табылады. Соның арқа­сында бүкіл құрылымдық жүйе жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назар­­баевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегия­сында мемлекеттік қызметті жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындап көрсетті. Осыған байла­нысты мемлекеттік қызмет саласында қаты­настарды реттейтін тиімді, тұрақты, құқықтық жүйені  құру қажеттілігі туындады.

Қазақстанда Мемлекет басшысының бағдар­ламасына сәйкес, елді демократияландыруға бағыт­талған және мемлекеттік аппараттардың тиімділігін арттыру мақсатында таңдау жаса­лынды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының алдында бірқатар жаңа міндеттерді іске асыру және жаңа жүйені қалыптастыру міндеті тұр. Іс жүзінде мемлекеттік қызметте толығымен жаңар­тылған заңнама және жаңа жүйені қалыптастыру, жаңа кадрларды іріктеу және орналастыру жүйесі мемлекеттік қызмет саласында жүріп жатыр.

Кез-келген демократиялық өзгерістер сәт­сіздікке ұшырайды, егер де   мемлекеттік биліктің құзыретті, кәсіби аппараты болмаса. Осыған бай­ланысты мемлекеттік аппараттың кадр құрамын дұрыс іріктеу және дұрыс таңдау маңызды міндет болып табылады.

Заңнама мемлекеттік қызметке орналасқан кез-келген азаматқа бірқатар тиісті талаптар мен шектеу­лер қояды. Менің мемлекеттік қызметке орналасуым үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тест тапсыру, екінші кезең – сұхбаттасу және үшінші кезең – сынақ мерзімі.

Бірінші кезекте менің айтатыным, мемлекеттік қызметтегі жұмыс қызметкерді тәрбиелейді. Кез-келген мемлекеттік қызметкер өзіне мемлекет жүкте­ген жауапкершілікті сезінеді. Мемлекеттік қызметтің өкілдері «Мемлекет» сөзіне  лайықты: құзыретті, адал, сыйлы, заң талаптарын орын­дайтын, адамдардың қажеттіліктерін орындай алуға қабілетті болу керек.

 

Әйгерім ДОСБАЕВА, 

Алматы қаласы мемлекеттік

мүлік және жекешелендіру департаментінің мүлікке иелік ету бөлімінің бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *