Мемлекеттік тіркеу туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті мемлекеттік тіркеуді және осы заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін мемлекет­тік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары көрсетеді.

Министрлікте, облыстық Әділет депар­таменттерінде тіркеуге жататын­дардан басқа тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар­ды мемлекеттік тіркеуді және бөлімшелер мен  өкілдіктерді есептік тіркеуді Қазақ­стан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық Әділет басқармалары жүзеге асырады. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР  заңының 10-бабына сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы стандарты бекітілген еді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы стандартқа сәйкес есептеледі және салық салу нысанының тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асыры­лады. Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге ұсыныл­ған құжаттардың ҚР заңнамалық актіле­ріне сәйкестігін, жұмыс жасау стандар­тына сәйкестіген тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды. Қызмет көрсету стандарты бойынша жеке тұлға­ның немесе заңды тұлғалардың өтінішін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру болып табылады.

 

Түрксіб аудандық

Әділет басқармасы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *