Мемлекеттің қызметшілер әдебі

Тиімді мемлекеттік қызметтің болуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қажетті шарты болып табылады. «Қазақстан-2050» бағдарламасы стратегиясы басымдықтарының бірі болып табылатын осы саланы дамытуға үлкен көңіл бөледі.

Жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде меритократия, есептілік және тиімділік қағидаттарына негізделген модель құрылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне қойылатын талаптар арттырылады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне осы саладағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау функциялары жүктелген. Осыған байланысты, біздің Департамент агенттіктің аумақтық органы ретінде аталған салада бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
Бақылау мемлекеттік органдарда азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары бойынша жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, 1-жартыжылдықта тексеру нәтижелері бойынша 76 бұзушылық анықталды, мемлекеттік органдардың атына 24 ден қою актісі жіберілді, 16 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент жанында Әдеп жөніндегі кеңес — қоғамдық орган жұмыс істейді, оның құрамына қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдар басшылары қатарынан 11 адам кірген. Оның қызметіндегі басымдықтар алдын-алуға, себептер мен жағдайларды анықтауға, белгілі бір заң бұзушылықтарды жасауға бағытталған. Пандемияға байланысты онлайн-форматта өткізілетін Кеңес отырыстарында тек тәртіптік істер ғана емес, сондай-ақ қызметтік этиканың сақталуына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі нәтижелері қаралады.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік тәртіпті нығайту, Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы, қызметтік әдеп туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтауы бойынша міндеттерді жүзеге асырады. Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңеспен 4 отырыс өткізілді, онда 18 мәселе қаралды. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты 4 тәртіптік іс қаралды.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексіне сәйкес олардың жұмыстағы, әріптестерімен қарым-қатынастағы, жұмыстан бос уақыттағы, көпшілік алдында сөйлеген сөздеріндегі мінез-құлық стандарттарын айқындайтын мемлекеттік қызметшілердің моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуын жүйелі бақылау мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға ықпал етеді.
Жалпы, қызмет этикасы ережелері қызметшілердің кәсібилігі мен жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын жақсартуға, мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға бағытталған.
Осыны ескере отырып, қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы шағымдар бойынша тексерулерден басқа, қоғам тарапынан негізді сын тудыратын БАҚ-тағы және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында да анықталады.
Жалпы Алматы қаласы бойынша 420 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5 — этикалық нормаларды бұзғаны үшін және 6 — мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін.
Этикалық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер институты құрылды. Бүгінгі таңда Алматы қаласында Алматы қаласы әкімінің аппаратында уәкілдің дербес лауазымы енгізілді. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары 32 мемлекеттік қызметшіге жүктелген (10 — жергілікті атқарушы органдарда және 22-аумақтық органдарда).
Әдеп жөніндегі уәкілге қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз функциялары шегінде консультация беру міндеті жүктелген, бұл өз кезегінде ұжымдарда жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етеді деп санаймыз.
2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан регламенттеуді тапсырды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне осы мәселе бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру жүктелді, оның нәтижелері туралы әр тоқсанның қорытындысы бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі хабардар етіледі. Департамент Алматы қаласы бойынша қарамағындағы қызметкерлердің жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін басшылардың жауапкершілігі бойынша заңнаманың орындалу процесіне мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
Қорытындылай келе, Мемлекеттік қызмет өзінің дамуында жаңа деңгейге өтіп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жариялылығын күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің қоғамға есеп беруін және бақылауда болуын қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап өткіміз келеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша Департаменті

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *