Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi

Болат ОСПАНОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:
– ДДҰ коронавирус індетін ресми түрде ғаламдық пандемия деп жариялады. Бұл инфекция біздің елді де айналып өтпеді. Қазір біз «Басты құндылық – адам» деген ұстанымдағы қоғамда өмір сүріп отырмыз. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi. Осыған орай күні кеше Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн. теңге бағытталды. Сонымен қатар еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорынан 200 млн. теңге бөлінді. Бұл – «Nur Otan» партиясының ел басына туған қиындықтар мен сынақтарда халықпен бірге екенінің айғағы. Қазір басты мақсат – вирустың таралуын тоқтату. Ол үшін халықтың ауызбіршілігі мен ынтымақтастығы қажет. Барлығымыз қатаң тәртіпке бағынып, ортақ іске жұмыла білуіміз керек.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *