МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – АДАМ

Түрксіб аудандық «Nur Otan» партиясы филиалында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті.

«Нұр Отан» партиясының Түрксіб аудандық филиалы төрағасының орынба­сары Н.Әжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.  Алғашқы сөз кезегін алған Нұрланбек Әжібаев Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының XVІІІ съезінде алға қойған тапсырмаларын және халықтың аз қамтылған топтарын қолдау және табысты арттыруға, кірістері төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуге, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсартуға бағытталған тап­сыр­маларын іске асырудың негізгі бағыттары жайында баяндап берді.

Сонымен қатар, жиында Түрксіб ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Байгутдинова, аудандық Өзін-өзі басқару комитетінің басшысы С.Болысқызы да сөз алып,  мемлекеттің басты байлығы – адам екенін тілге тиек етті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *