Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бәрі халыққа арналған

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен  «Нұр Отан» партиясы  Саяси  кеңесінің  кеңейтілген отырысы өтті

Саяси кеңестің мүшелері – Үкімет, Парламент және Президент Әкімшілігі басшылары, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы орган­дардың басшылары және бейнеконференция байла­нысы режимінде еліміздің барлық өңірінің өкілдері – облыс әкімдері, облыстық мәслихаттардың хатшылары, партияның облыстық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысқан алқалы жиында партияны жүйелі жаңғырту және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау жасау ісін ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Пікір алмасу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кәсіби дайындау және бейімдеу, сондай-ақ «Бес әлеуметтік бастаманы» орындаудың детальдары мен механизмдеріне және оның іске асырылуына қоғамдық бақылау жасауды қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Әлемдік дамудың және экономикалық үдерістердің жоғары қарқынына тоқталып, жаңа сын-қатерлерге бейімделу қажеттігін айтты. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын және партияның цифрландыру саласындағы жобаларын орындаудың маңыздылығына назар аударды. Аста­на экономикалық форумының қорытындысы бойынша шығарылған шешімдер жөнінде кеңінен әңгімеледі. Инвестиция тарту және бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу ісіндегі  цифрландырудың тиімділігіне, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өнімділіктің өсімін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы экспортын арттыру мәселелеріне тоқталды. Жаңа жобаларды тиімді жүзеге асырудың және Үкімет пен «Нұр Отан» партиясының алдына қойылған міндеттердің маңыздылығы жөнінде тілге тиек етті.

– Ел ішінде қолайлы әлеуметтік жағдай болғанда ғана мемлекет табысты жұмыс істейді. Бұл – Үкіметтің басты міндеті. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бәрі халыққа арналған, – деді Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *