Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылдың  5 қыркүйекте №3/440-2529 болып тіркелген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы №1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарын орындау мақсатында, Қазақ­стан Республикасы Жер кодексінің 84-бабының 2 тармағының 4-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы және Алматы қаласы Жер комис­сия­сының 2019 жылғы 2 қырқүйектегі қорытындысы негізінде, Алматы қаласы­ның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдаланудағы нысанның құрылысы үшін «Самал Элит Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен Алматы қаласы Медеу ауданындағы «Са­мал-1» шағынауданы, 23 А үй (кадастрлық нөмірі 20-315-021-180) мекен-жайы бойынша орналасқан, ауданы 0,059 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801-кабинет болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне ескертсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Әзір­­баевқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі     Б.САҒЫНТАЕВ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close