Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12,5 мыңға жуық ШОБ субъектісі кейінге қалдырылды

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтып берді.

«Пандемия жағдайында Мемлекет басшысының Агенттік алдында қойған басым міндеті ШОБ субъектілерін қаржыландыруды қолдау және олардың кредиттік ресурстарға қол жеткізуін төмендетуге жол бермеу болып табылады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды», — деді Н. Әбдірахманов.

Төтенше жағдай кезеңінде ШОБ субъектілеріне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру берілді. 15 наурыз – 15 маусым аралығында он екі жарым мыңға жуық ШОБ субъектілеріне немесе қарыз алушы-ШОБ субъектілерінің жалпы санының 42%-на кейінге қалдыру берілді. Кредиттер бойынша кейінге қалдырылған төлемдердің сомасы 165 млрд тг құрады.

Агенттікте атап өткендей, қазіргі уақытта ШОБ кәсіпкерлері кейінге қалдыруды алудың жеңілдетілген тәртібін пайдалана алады немесе өз кредиттерін қайта құрылымдай алады.

16 маусым — 21 қыркүйек аралығында 67 млрд тг астам сомаға 10 мыңнан астам қарызды кейінге қалдыру мақұлданды, 2 мың өтініш бойынша 83 млрд тг сомаға кредиттерді қайта қаржыландыру ұсынылды.

1 шілдедегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерде шамамен 30 мың ШОБ субъектісінің 3,9 трлн тг сомадағы кредиттері бар. Оның ішінде 11 мың ШОБ субъектісі кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының жеңілдікті талаптарымен несиелер алды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *