МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы  инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы  Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа  алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *