МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЛМАТЫҒА КЕЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді.
Президент бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.
Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.
Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.