Мектептерде деструктивті діни ағымдар идеологиясы таралуының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді

Ағымдағы жылы Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Білім беру мекемелері арасында деструктивті діни ағым идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу бойынша жеке және топтық алдын алу іс-шараларын өткізу» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты орта және арнаулы орта (колледж) білім беру мекемелерінде деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Ағымдағы жылғы 20 сәуір мен 25 мамыр аралығында қала аумағында орналасқан 23 орта білім беру орындарында (№№157, 174, 141, 153, 117, 176, 67, 18, 45, 145, 63, 19, 4, 53, 177, 118, 66, 82, 149, 150, 32, 115, 198) іс-шаралар өткізіліп, 1533 оқушы қамтылды.
Шаралар барысында дін саласындағы сарапшылар және білікті мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, оқушыларға деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы үлестірмелік материалдар таратылды және бейнероликтер көрсетілді.
Бұл жоба бойынша жұмыстар жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *