МЕКТЕПТЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Серік ЖҰМАБАЕВ

№155 жалпы білім беретін мектепте 2019 жылдың 10-қаңтары мен 10-ақпаны аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл игілікті шараға жеке кәсіпкерлер, мекеме басшылары, мектеп ұстаздары ұйымшылдық танытып, белсене атсалысты.

Аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсат – тұрмысы төмен, көп балалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету. Бұл ретте аз қамтылған оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сыйға тартылды.

Қазір халықтың әл-ауқаты біршама түзелді десек те, әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж отбасылар да жоқ емес. Мұндай акциялар арқылы біз оқушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, олардың білім алуға деген ұмтылысын біршама арттыра түсетінімізге сенім мол.

«Қамқорлық» акциясына оқушылар, ата-аналар мен мектептің педагогикалық ұжымы ерекше қолдау көрсетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *