Мектепке жол

22 тамыз 2019 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ның мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымымен, Алматы қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Мектепке жол» атты дәстүрлі қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д. Садвакасова Раиса Аждарқызы қайырымдылық іс-шарасына қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Елімізде жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.
Акция барысында әлеуметтік көмекті қажет ететін және көпбалалы отбасынан шыққан 10 оқушыға мектепке керекті оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа жан-жақты көмек көрсету және қолдау – «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымының ең басты міндеттерінің бірі болып қала бермек.
Шарапаты мол сауапты шара аясында көмек алған балалардың жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *