Мектеп оқушыларының жеке тұлғасы мен талпынысын қалыптастырудағы мектептің рөлі

2019 ж. 21 тамызда №159 гимназияның мәжіліс залында «Мектеп оқушыларының жеке тұлғасы мен талпынысын қалыптастырудағы мектептің рөлі» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін дәстүрлі Тамыз кеңесі өткізілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру жүйесіндегі мәселелерді қарастырып, инновациялық ұсынымдарды саралайтын мәжіліске қалалық Білім басқармасы Орта білім беру бөлімінің жетекшісі А.Т.Айтуарова модератор болды.
Іс-шараға: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ, Қамқорлық көрсету кеңесінің өкілдері, мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары, жалпы саны 300-ге тарта білім беру жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Сондай-ақ бұл жиында «Формативті бағалау» квест-технологиясы» туралы Алматы қ. химия-биология бағытындағы НЗМ сарапшы-мұғалімі Н. У. Нургалиев, Жаңартылған білім беру мазмұны аясында «Күнделік» электрондық автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеу ерекшеліктері туралы №17 НМ КММ директоры А. Г. Абраменко, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жайында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының коррекциялық педагогика лабораториясының жетекшісі, п. ғ. к., доцент И. Г. Елисеева, «Жан басына шағып қаржыландыру: принциптері және оны жүзеге асыру» тақырыбында Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары С. В. Попенко баяндама жасап, өзін-өзі тану және рухани-адамгершілік білім беру бөлімінің әдіскері Л. И. Никулина құжаттарды ресімдеу және олармен жұмыс істеу ережесін түсіндіріп берді.
Алқалы жиында сөз алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д. Р. А. Садвакасова уақыт талабына сәйкес мұғалімнің біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ерекше қамқорлықпен қолдау көрсететін «Ұстаздар үйінің» жұмысына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар Институт басшысы Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыруға жағдай жасап, қолдау көрсеткен орта білім беру жүйесінің басшыларына Алғыс хаттарын табыстап, жаңа оқу жылына ізгі тілегін білдірді.

П. Асылбек

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *