МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ 4360 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Jasyl Almaty жалпықалалық акциясына қаладағы 110 мектеп қатысты

Сенбі күні шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы мектептерде өткен көгалдандыру акциясына қатысты. Бұл күні қала әкімі Наурызбай мен Алатау аудандарына қарысты №200 және №181 мектептерінің оқушылары және мұғалімдерімен бірге болды.

Jasyl Almaty жалпықалалық акциясы аясында қаладағы 110 мектептің жоғары сынып оқушылары, ата-аналары мен ұстаздары бірігіп, білім ошақтарында 4360 көшет отырғызды. Соның ішінде аталған екі мектепте 600-ге жуық көшеттер, атап айтқанда,  акация, қарағай, катальпа, үйеңкі, шағала көшеттері отырғызылды.

  • Бұл күні жоғары сынып оқушыларымен бірге ата-аналардың да шыққаны қуантты. Демек, олар қоршаған ортаның жай-күйіне немқұрайлы қарамайды деген сөз. Сондықтан да болар олар біздің үндеуімізге үн қатып, көгалдандыру жұмыстарына құлшыныспен кірісті. Олар өз ағаштарын күтіп, суғаратын болады», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Ал акцияға қатысқан оқушылар «Болашағымызды туған қаламызбен байланыстырамыз. Біз Алматының бүгін және болашақта да әлемдегі экологиялық таза әрі ең жасыл қала болғанын қалаймыз!» деген тілектерін білдірді.

Жексенбі күні Көк Төбе тауының баурайында өрттен зардап шеккен ағаштардың орнына күзгі ағаштарды отырғызу науқаны өтті. Бұған дейін Мохнатка тауының баурайында 50 мың Шренк шыршасының көшеттері отырғызылған болатын. Көгалдандыру акциясына қоғам өкілдері, еріктілер мен жастар қатысқан еді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *