Мектеп – өмірде қандай тұлға болатыныңды айқындайтын өткел

«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман — тұрмысы ертеңіне сеніммен қарай­тын бақытты ел болу еді. Біз армандарды ақи­қатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», – деді Н.Назарбаев өз Жолдауында.

Мемлекетіміздің ертеңі мен бүгіні өсіп келе жатқан жас ұрпаққа байланысты, ал сол ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар болып табылмақ. Әр мұғалім мәңгілік ел жасай­тын бүгінгі ұрпақты дұрыс жолға бағыттап, өз елінің патриоты болып шығуы үшін бойларына үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушыларымыздың бойына ұлтымыздың асыл мұраларын, саф тілін, салт-дәстүрін, тарихын сіңіртуде ата-ана мен мектеп болып бірігіп жұмыс атқаруымыз қажет. Себебі, мектеп – өмірде қандай тұлға болаты­нын айқындайтын өткел. Мектеп қабырға­сында жүріп оқушы бойында қалыптасқан әдет-дағды бүкіл өмірге себепкер болады.

«Тарихын білмеген, халқының қадірін білмейді» деген. Өткендердің елеулі еңбегін білу, олардың арманын ары қарай жалғастыру – адамдық парыз ғана емес, бүгінгі жас ұрпақтың дамуының негізгі алғышарттарының бірі.

Тарихта ізін ойып қалдырған, қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» кинофильмінің режиссері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қожықов Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының 95 жыл­дық үлкен мерейтойы біздің «С.А.Қо­жы­қов атындағы №39 мамандандырылған  лицей» ұжымының ұйымдастырылуымен 10 нау­рызда биік деңгейде аталып өтілді. Кешке туматаланттың түсірген көркем фильмінде басты рольдерді сомдаған белгілі әртістер, танымал өнер қайраткерлері мен арнайы кеш қонақтары шақырылды. Келушілер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың өмір жолы мен шығармашылығын еске ала отырып, тарихи тұлғаның еңбектерін бүгінгі ұрпақтың жаңғыр­тып отырғанына дән риза болып, үлкен әсер алып қайтты.  Аталмыш мерейтойға орай, білім орда­мызда  мектеп­шілік байқаулар ұйымдасты­рылып, игілікті іс-шаралар жүргізіліп және Сұлтан-Ахмет Қожықовтың мұражайын ашуына байла­нысты біршама жұмыс атқарылды. Мектеп режиссердің туынды­лары арқылы жас ұрпақтың шығарма­шылық қабілет­терін, эстети­калық талғам­дарын, ұлттық болмы­сын қалып­тастыруда «Тұлға. Кино. Уақыт. атты сурет­шілер байқауын, «Кино – мәдениеттің айнасы» атты эссе байқауын, «Экран түзелмей, ұлт түзелмейді» атты бейнероликтер байқауын, «Кино – ұлттың бейнесі» атты сахналық қойылымдар байқауын, «Ұстазым, ата-анам және мен» эстафеталық жарысын ұйымдас­тырды. Байқауға барлық сынып оқушылары мен олардың ата-аналары да үлес қосып, атсалысты. Нәтижесінде спорттық жарыс жоғары дәрежеде өтіп, ең жылдам саналған 5 «а» сыныбы 1-орынды иеленді. Үздік авторлық қойылым көрсет­кен 5 «в» сыны­бы 1-орынмен марапат­талды. Қылқалам шеберлері 6 «б» сынып оқушысы Нарбаев Даниял, 5 «ә» сынып оқушысы Мақсат Наиля 1-орын иегерлері атанды. Ал «Кино – мәдениеттің айнасы» тақы­рыбында эссе жазып, үздік шығарма жазған 9 «а» сыныбы Съезхан Айсұлу болды. Мектеп дирек­торы мен орынба­сарлары үлкен мерейтойда жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтап, арнайы «Сұл­тан-Ахмет Қожықов» төсбелгілерін беріп, диплом­дармен марапаттады.

Жан-дүниені рухани байытатын, өткен ғасырдың құнды мұрасы болып саналатын көркем дүниені өмірге әкелген дарын иесінің есімін бүгінгі жас ұрпақ ұмытпауы қажет. С.А.Қожықов қалдырған мұраны көзі­міздің қарашығындай сақтап, оның есімін қайта жаң­ғыртып, өнегелі істерін ізімізді жалғастырушы ұрпаққа насихат­таймыз.

 

Алина ДИНАБЕКОВА,

C.А.Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *