Мектеп бітіру кешінен бас тартқан

Жетісу ауданындағы №102  мектептің 11-сынып оқушылары «Қарапайымдылық – қайырлы жол» деген бастамамен қаламыздағы «Жанұя» балалар кешеніне қайырымдылық жасайтын болды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Міне, он бір жыл бойы мектеп қабырғасынан білім алған түлектер алтын ұя мектептерімен қоштасқалы отыр. Үлкен өмірге қадам басып, азамат атанғалы отырған ұл мен қыздың көкейінде көп арман, ең алдымен, үлкен болып өмірге салмақпен қарап, ертерек ержету. Осындай бір топ жас, яғни Жетісу ауданындағы №102 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары бастама көтеріп, мектеп бітіру кешінен бас тартып отыр.

Олар «Қарапайымдылық – қайырлы жол» деген бастамамен қаламыздағы «Жанұя» балалар кешеніне көмек қолын созды. Мектеп басшысы сынып жетекшілері мен мектеп бітіруші түлектер «Жанұя» кешенінде тәрбиеленіп жатқан балаларға қажетті заттар, кітаптар мен ойыншықтар тарту етті.

Түлектер көтеріп отырған бастамаға «Жанұя» кешенінің ұжымы ризашылықтарын білдіріп, мекеме басшысы Ләззат Құлсарина алғыс айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *