Мектеп бітіру кеші керек пе?

Адам өміріндегі ұмытыл­мас сәулелі сәттердің бірі – түлектердің мек­теп бітіру кеші. Бұл туралы тек биыл ғана емес, жыл сайын айты­лып та, жазылып та келеді. Тек мұның бір тетігін таппай келе жат­қандай­мыз. Бұл ретте Білім және ғылым ми­нистрі Ерлан Саға­диевтің айтқан сөзімен әбден келісуге болады.

– Мектеп бтіру кеші жыл сайын өткі­зілетін шара. Осы кешті өткізетін біздің арнайы тұжырым­дамамыз жоқ. Мектептер өздері қалай өткізу қажет екендігін біледі. Бұл арада мектеп әкімшілігі, бақылау кеңесі, ата-аналар кеңесі жиналып, өздері шешім шы­ғарады.  Ата-аналар аттестат тапсыру ресми бөліміне қатысып, қалған шараларға қатыспаса да өз еріктерінде. Жалпы, салтанатты жиыннан соң басқа мерекелік іс-шараларға баруға ешкім де мәжбүрлемейді, – деді министр.

Жалпы, мектеп бітірушілер кешін әркім әр түрлі форматта өткізеді. Мәселен, былтырғы жылы маңғыстаулық түлектер мектеп бітіру кешіне жиналған барлық қаражатты қайырымды­лыққа жұмсаған еді. Дегенмен, уақыт оза келе мектеп бітіру кеші­нің де болмысы өзгеріп келе жат­қандай. Мектеп басшысы, сынып жетек­шілері «осы мектеп бітіру кешін өткізбей-ақ тып-тыныш балаларын ата-аналарына ұстатып жіберсек екен десе, «баламыз күнде мектеп бітіріп жатқан жоқ. Ақша өзіміздікі, өзіміз қалай өткізуді білеміз», – дейді ата-аналар.

Керісінше кей ата-аналар тасада тұрып, «мектеп ақша жинап жатыр. Қымбат мейрамхана, қымбат мәшина мініңдер деп мәжбүрлеп жатыр», – деп те шу шығарып жатады. Одан да мектеп бітіріп, ұл бозбала, қыз бойжеткен атанып жатқан шақта үлкендер жағы да үлкендік танытып, бағыт бермей ме? Қанша жерден қатал талап қойып жатсаңыз да, қашып Қапшағайға, тығылып тауға кетіп қалады. Сондықтан мектеп бітіру кешін өткізуде де кеңес керек-ақ. Алып ұшқан көңіл, орны толмас өкінішке апармауы керек.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close