«МЕКТЕП АҚША ЖИНАМАЙДЫ»

Түрксіб ауданында осындай тақырыппен арнайы акция басталды

Түрксіб ауданындағы мектептер мен балабақша меңгерушілері №83 гимназияның Мәжіліс залында бас қосып, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға байланысты жүргізіліп жатқан іс-шараларды ортаға салды.

Рая ЕСКЕНДІР

Өткізіліп отырған шараға Алматы қалалық «Саналы ұрпақ» кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев қатысты. Сонымен, «Саналы ұрпақ» кеңсесі биылғы жылдың сәуір айында құрылғанына қарамастан, қыруар жұмысқа мұрындық болып отыр. Осы күнге дейін қаламыздағы жоғары оқу орындарынан бастап, бала­бақша ұжымдарында кездесулер өткізген кеңсе басшысы Қайыржан Ахметбекұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды кеңінен жүргізу үстінде. Өткізіліп отырған кездесу де осындай жүйелі жұмыстардың бір көрінісі іспетті.

Алдымен сөз кезегін Түрксіб аудандық Білім бөлімінің басшысы Айсұлу Ботаева алып, «Түрксіб ауданы мектептерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шараларын қолға алу» атты баяндама жасады.

– Елбасымыздың әр жылдардағы халыққа арнаған Жолдауларында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыруды жалғастыру» деп атап көрсетуі біздің әрқайсыларымыздың жауапкершілік­терімізді арттыра түскен еді. Биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауында да Елбасымыз жемқорлықпен белсенді күрестің жалғаса­тынына тоқталған еді.

Аудан мектептерінде жас ұрпақ бойын­да сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын түрлі байқаулар, кон­курс­тар мен акциялар өткізіліп тұрады. Барлық білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың құжаты жасалды. Оны жәй ғана қабылдап, бекітіп қана қоймай, ұжым болып талқылауды ұсындық. Осы мақсатта тренинг, семинар­лар көптеп өтіп жатыр.

Барлық жасалып жатқан жұмыстың мақсаты – мемлекетіміздің жарқын бола­шағы үшін. Өйткені, біз тәрбиелеп жатқан жас ұрпақ ертеңгі елдің тұтқа ұстар аза­мат­тары. Қалалық Білім басқармасы басшы­сының арнайы «Мектептерде ақша жинауға тосқауыл қою» туралы бұйры­ғымен барлық мектеп басшылары толы­ғымен танысып, қол қойды. Ол бұйрық барлық мектептердегі ата-аналар жиналы­сында толығымен таныстырылып, хабардар болды. Мектептердегі ақша алу, ақша жинау сияқты фактілерге барынша тос­қауыл қойып жатырмыз. Келеңсіз жағдай тіркеліп, орын алған жоқ, – деді Айсұлу Амангелдіқызы.

Келесі кезекте №76 жалпы білім беретін мектеп басшысы Салтанат Мұсағұлова сөз алып: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақса­тын­­да жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат» атты баяндамасын жұртшылық назарына ұсынды.

– Еліміздің болашағы болып табылатын саналы ұрпақ қалыптастыру – өте жауапты міндет. Сондықтан осы бастан бала бойына адалдық сезімін сіңіре білуіміз керек. Әсіресе, оқушылар арасында әлеуметтік теңсіздік орын алмауына баса назар аударып, мектебімізде бірыңғай оқушы формасын киіп, қымбат ұялы телефонды ұстауға тыйым салып, үнемі қатаң қадағалап отырамыз. Оқу жылының басында бүкіл ұжым қызметкерлерін «Жемқорлыққа қарсы күрес стандартымен» таныстырып, оны педагогикалық кеңесте бекіткен едік. Осы стандарттың жүзеге асып, орындалуы әрбір ұжым мүшесінің міндеті екендігі де нақты айтылған еді. Қалалық Білім басқармасының мектепте ақша жинауға тыйым салынатыны жөнін­дегі №113 бұйрығы негізінде ата-аналардан ақша жинауға, мектеп қоры, сынып қоры, жөндеу жұмыстарына деген сыңайлы ақша жинауға түбегейлі тоқтау салынып, қатаң қадағаланып отыратынын жеткіздік. Мектебімізде 7–11-сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды. Биылғы жылы да жаңа құраммен толыққан «Адал ұрпақ» клубы­ның жұмыс жоспары бекітіліп, арнайы төсбелгісі табыс етілді. Мектебімізде «Пара­сатты бұрыш» ашылған. «Саналы ұрпақ» стенді де оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығы үшін аса қажет дегім келеді.

Ата-аналар үшін сенім телефоны жұмыс істейді. «Қамқоршылар кеңесі» құрылып, құрамы бекітілген. Бірақ демеушілік жарна, қайырымдылық көмек, басқа да табыс көзі мектебімізде мүлдем жоқ, – деді Салтанат Болғанқызы.

Келесі кезекте №61 жалпы білім беретін мектеп психологі О.Лоскутова сөз алып, «Сыбайлас жемқорлықтың психологиялық аспектілері» атты баяндамасын жасады. Жиын соңында «Саналы ұрпақ» кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев сөз кезегін алып, жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа тәрбиелеудің басты міндеті – жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру екендігіне тоқталды. Сыбайлас жемқорлықтың көрі­ністерін азайтып, өскелең ұрпақтың бойын­да қоғамның жегі құртына айналып отыр­ған жемқорлыққа қарсы көзқарас қалып­тастыруға бағытталған жұмыстардың кеңі­нен жүргізіліп жатқанын айтып таныс­тырды.

– Кез-келген өркениетті мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін, демократиялық қайта құруын, экономикасын, өсуін тежейтін мәселенің түп-төркіні – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оның алдын алу аса маңызды мәселе, – деген Қайыржан Ахметбекұлы қала бойын­ша мектептерде ақша жинауға қарсы акция басталатынын жеткізді.

Осыдан кейін «Адал ұрпақ» клубының мектепішілік жұмыс жоспарлары туралы да сөз болды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңы таныс­тырылып, түсіндірілді. Түрксіб ауданының білім жүйесі қала бойынша «Мектеп ақша жинамайды» акциясын бірауыздан қолдап, бастап та кетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *