МЕККЕГЕ ВЕЛОСИПЕДПЕН АТТАНДЫ

Алматы қаласының тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды. Қасиетті сапарға Талғат Жұмабеков осымен екінші рет бағыт алғалы отыр.

Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын алып алған. Жол бойы оқып бармақшы. Бұған дейін велосипедпен Еуропа елдерінің біразында болған екен. Киелі мекенге сапарын Түркістан қаласы­нан бастаған. Одан Шымкентте табан тіреп, ары қарай сапарын жалғастырмақ. Ташкент қаласына да кіре шықпақшы. Далада шатыр тігіп қонуды жоспарлап қойған. Ал қатты суық болса, қонақүйге түнеп шықпақшы.

– Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетіп қаламын деп отырмын. Ештеңеден қорық­паймын. Тек бір Аллаға сенемін, – дейді Талғат Жұмабеков.

Бұл оның Меккеге осымен екінші сапары. Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Дегенмен, жақын күнде виза да дайын болмақшы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *