МЕЙІРІМДІ ЖАНДАРДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Мемлекет басшысының балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын, Қазақстан Республи­касының «Білім туралы» Заңын және мектеп жасындағы балаларды міндетті оқумен қамту жайлы басқалай нормативтік-құқықтық  актілерді, сонымен қатар, Қа­зақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қам­қорлық» акциясы аясында жетімін жылат­паған, ағайынын  алаламаған, жақынынан жан жылуын аямаған  халқымыздың қасиет­ті  дәстүрін Жетісу ауданы №110 мек­теп-гимназия директоры Жанар Нұқабайқы­зының басшылығымен мектеп ұжымы мен ата-аналар  жалғастыруда.

Биыл да дәстүрлі республикалық  «Қамқорлық» қайырымдылық  акциясын  ұйымдас­тырып,  көздері жәудіреп,  өмірдің қиындығына өздерінің әлсіз иықтарын төсеген,  мейірімді  жандардың  қамқорлы­ғына зәру  оқушыларға 1 «з», 1 «и», 2 «д», 3 «и», 4 «д» сыныбының ата-аналары және сынып жетекшілері Гүлжанар Андасбаева, Гүлмера Розиева, Регина Тенгебаева жылу сыйлап, қолұштарын ұсынды. Осылайша  бұл күні  қамқор жандар  қамқорлыққа мұқ­­таж  балаларға  мәрт жүректің  мол шуағын сыйлады.

 

Зоя РАЙЫМҚҰЛОВА,

Жетісу ауданы, №110 мектеп-гимназия директорының орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *