МЕГАПОЛИСТІҢ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Алматыда алдағы жылда 3 магистральды көше ұзартылып, 3 жолайрық салынады

040505557

Алматы қаласының көлік жүйесінің модернизацияла­натыны жөнінде 2017 – 2019 жылдарға қала бюджетін қараған VІ шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының ХІІ сессиясында белгілі болды. «Алматы-2020» Даму бағдар­ламасының байланыста қабылданған қала бюджетінде көлік жүйесін жетілдіріп, жаңа нысандарға, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу қарастырылған. Мәслихат отырысына қатысқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шаһардың көлік жүйесі мен жолдарын жетілдіруге 42,2 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті. Қала жолдарының ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына жергілікті жолдардың 65 пайызының жақсы жағдайда болуын қамтамасыз етуі керек.

Бұдан өзге осы сала бойынша Алматы метросының «Достық» пен «Сарыарқа» екі бекетінің құрылысы жалға­суда. Алматы – Бішкек тас жолының Алтын Орда базары маңындағы бөлігін кеңейту де қолға алынды. Алдағы 2017 жылға жоспарланған саланы модернизациялау жұмыстары жол-көлік жүйесіне жаңа серпін әкелуі тиіс. Мәселен, Алматы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, Солтүстік айналма және Бөкейханов көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрық – қаланың төменгі бөлігіндегі жол кептелісін азайтады. Ал Рысқұлов – Емцов, Рысқұлов – Құлжа тас жолы нысандарындағы құрылыс жұмыстары қаланың кіші айналма жолын жасайды. Сейфуллин – Жансүгіров жолайрығы шаһардың солтүстік бағытындағы көлік қозғалысын жеңілдетеді.

Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспар­лау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымовтың берген мәліметтері бойынша бюджетте бекітілген қаржыға жолдар­ды жөндеу, бағдаршамдарды ұстап тұру, жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу, көлік жолдары жолақтарын сызу, жаңа жол белгілерін орнату, қоғамдық көліктердегі жолаушылар тасымалын субсидиялау, т.б. жұмыстар атқарылады екен. Жалпы, Алматыда 2011 жылдан бері 28 жолайрық салынғанын айта кету керек.

 

Нұр ҚАЙЫР.   

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *