МЕГАПОЛИСТІҢ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖАЛҒАСАДЫ

Алматыда 2017 жылы 167 шақырым су және кәріз жүйесі салынады

3-%d0%b1%d0%b5%d1%82

Нұрлан СҮЙІН

Алдағы 2017 – 2019 жылдарға қала бюджетін бекіткен Алматы қала­лық мәслихатының ХІІ сессиясы басқа салалармен қатар коммунал­дық шаруашылық саласына да ерекше мән берген. Алматы қалалық Эконо­мика және бюджеттік жоспар­лау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов атап өткендей, мегаполис бюджетінде әлеуметтік бағытқа басымдылық берілген. Бюджет шығы­нының үштен бірі әлеуметтік салаға бөлініп отыр.

– Заманауи да жайлы мегаполис­тің басты көрсеткіштерінің бірі – оның қалыптасқан инженерлік ин­фра­құрылымы. Алдымыздағы жылда мегаполистің энергетика, коммунал­дық шаруашылық салаларына 43,3 млрд. теңге инвестиция салу жоспар­ланып отыр. Бұл 2016 жылмен салыс­тырғанда 16 пайызға көп. Бұл шығын­дардың төрттен бірі қалаға қосылған аумақтардың жүйелерін жетілдіруге бағытталады, – деді М.Қиқымов.

Келер жылғы бюджетке енген қаржыға мегаполисте 167 шақырым жаңа инженерлік желілер салу жос­пар­ланған. Жаңа желінің 116 шақы­рымы су жүйесі болса, 51 шақырымы – кәріз жүйесі. Жоспарға кірген бұл желілер Алатау ауданының 28 мың абонентін қамтамасыз етеді.

Бұдан өзге 21 шақырым су және кәріз желісін қайта жарақтау жоспар­ланып отыр. Бұл шаһар желілерінің тозуын 6 пайызға азайтады. Жоспар бойынша 15 шақырым жылу жүйесін қайта жарақтау қолға алынады. Бұл жұмыстар қаладағы 214 нысанды (3 мектеп, 2 аурухана, 4 балабақша, 1 кол­ледж, 3 әкімшілік ғимарат, 150 көп­пәтерлі, 49 жеке үйлер, т.б.) жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Және жүйенің тозуын 62,5 пайызға азайтып, жылу­дың жоғалуын 18,3 пайызға төмен­детеді.

Мегаполистің 2017 жылға бекітіл­ген бюджеті «Алматы-2020» Даму бағдарламасының басымдылықтары шеңберінде қабылданып, жалпы 454,5 млрд. теңгені құрап отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *