Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйі

Әсел ДАҒЖАН
Ол туралы қалалық әкімдікте өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова кеңірек баяндады.
Бүгінгі күні тіркелген 119 жағдай бойынша 35 науқас ауруды шетелден жұқтырып келген болса, 67 науқас осы инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Олардың бәрі өз уақытында тиісті провизорлық және инфекциялық стационарларға оқшауланып, қазіргі кезде ем алуда.
Сондай-ақ жергілікті жерде 6 адам инфекция жұқтырса, олармен байланыста болған 11 адамда коронавирус тіркелген. Оған қоса, бір үйдің 4 адамы осы инфекцияны әкесінен жұқтырған деген дерек бар. Бірақ дер кезінде бөлектеп, оқшаулау қолданылғандықтан инфекцияның өсімі тежелді.
Жас бойынша жіктейтін болсақ: егер осыған дейін коронавируспен ауырғандардың басым көпшілігі 20, 29, 30, 39 жастағы азаматтар болса, қазір бұл көрсеткіш өзгеруде. Яғни 50-59 жастағы адамдардың ауру дерегі көбеюде, сондай-ақ 2 жас пен 16 жас арасындағы балалардың инфекция жұқтыруы 88% өскен. Одан бөлек, 30-дан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында инфекция жұқтыру дерегі 7-ден 21 жағдайға дейін артқан.
Бүгінгі күні инфекция ошағының саны 39-ға азайды. Естеріңізге сала кетсек, маусым басында 54 ошақ тіркелген болатын.
Стационарлық карантиндегі 189 адаммен тығыз байланыста болған 12 555 адам сынақтан өткізілсе, соның 119-ы оң нәтиже берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *