МЕГАПОЛИСТЕ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Алдағы үш жылдың ішінде мегаполисте миллионға жуық ағаш отырғызылады. Бұл туралы шаһарды көгалдандыру бойынша қала әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Көгалдандыру бойынша әзірленген арнайы шеберлік-жоспарда мегаполистегі жасыл желектер зерттеліп, олардың қазіргі жағдайы анықталды. Бұл жұмысқа кәсіби мамандар да тартылды. Олар зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екенін анықтады. Ал, 1970-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге жеткен екен. Жасыл желек көлемінің азаюы қала көлемі мен адам санының артуына байланысты. Соңғы үш жылдың ішінде 134 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Ал биыл қаланың жасыл белдеуі 140 мыңға жуық көшетпен толықты.

Бүгінде қаланың жасыл белдеуі 5000 шаршы метрге жетеді.  Бұл – 118 млн. келі оттегінің бөлінуіне, жол жиегіндегі шудың деңгейін 40 пайызға, шаң деңгейін 75 пайызға төмендетеді.

Қаланы абаттандыру психологиялық ахуалға оң әсер ететіні сөзсіз. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының өмір сүруіне жайлы жағдай жасайды.

  • Қаланы көгалдандыру жұмыстары біркелкі жүргізіледі. Яғни, жұмыстар бірыңғай ағаш отырғызумен, не болмаса бірыңғай жасыл желекті кесумен шектелмейді. Сол үшін арнайы шеберлік-жоспары әзірленуде, – деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Жиында дүкен мен салондардың, кәсіпкерлік нысандарының сыртын жауып тұратын ағаштарды кесуге тыйым салынды. Бұдан былай кесілген ағаштардың орнына отырғызылатын жасыл желектің саны арта түспек. Шаһар басшысы Б.Сағынтаев шеберлік-жоспарын толықтыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *