МЕГАПОЛИСТЕ 97 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨТЕРІЛДІ

Алматыдағы бірқатар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылданады. Атап айтқанда,  жалақыны көтеру, ұжымдық келіссөздер, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жастар тәжіри­бесін енгізу және т.б.

Бүгінде мегаполистегі 97 мыңға жуық қызметкердің жалақылары көтерілді. Ал кейбір жұмыс берушілер төмен жалақы алатын қызметкерлерінің бол­мауына қарамастан, еңбекақыны орта есеппен 30 пайызға арттырады. Жалпы, жалақысы төмен қызметкерлердің орта жалақысы 24 пайызға дейін көбейеді.

Алматы қаласының аймақтық кәсіп­одақтар одағының төрайымы Зәуреш Өмірбаеваның айтуынша, әрбір қыз­меткер еңбек құқығын қорғауға арнал­ған әлеу­меттік пакетке ие болу керек.

– Ұжымдық шартқа қол қою арқылы қыз­меткерге қосымша жеңіл­дік­тер, өтем­ақы төлемдері және қауіпсіз еңбек жағдайларында кепілдік бері­леді. Яғни қызметкер міндетті ынта­ландырушы еңбек кепілдігін ала ала­ды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне байланысты ұжымдық келісім-шартқа қызметкер­лерге өтемақы төлеу міндеттемесін енгізуге бары­мыз­ды салып жатырмыз. Қалада 12 мыңнан астам кә­сіпорынның 400 мыңға жуық қызмет­керімен ұжымдық келісім-шарт жасасып, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге қол жеткіздік, – деді Зәуреш Өмірбаева.

Бұдан бөлек, қалада жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша тиісті шараларды қолға алдық. Атап айтқанда, қысқа мерзімді курстар, жастар тәжі­рибесі, әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтама­сыз ету және қоғамдық жұмыс­тар жатады. Өткен жылы шамамен 1400 адам қысқа мерзімді кәсіби курстарды тәмамдады. 32 атаулы мамандықтан көбісі автобус жүргізушілерін,  шашта­раз­дарды, есепші­лерді, тігіншілер мен аспазшыларды дайындау курстары болатын.

Биыл еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізімін жаңарту жоспар­ланып отыр. Алматылықтар қысқа мерзімді курстарда бариста, мерчен­дайзер, флорист, сақтандыру бойынша менеджер және т.б. сияқты жаңа мамандықтар бойынша оқытылады деп болжануда.

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және кӨші-қон басқармасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *