Мегаполисте 250 мыңнан астам алматылық сенбілікке шықты

Жалпықалалық сенбілікте шаһар басшысы қызғалдақ баданаларын отырғызды

dsc_7210

Нұрлан СҮЙІН

Әлемдегі ең әсем де табиғи гүлдердің бірі – қызғалдақ. Қызғалдақтың отаны болып ежелгі қазақ даласы саналады. Ұлы Жібек жолы кезеңі, одан да ертерек замандарда Еуропа жиһанкездері дала көркі – қызғалдақтарды «Көне құрлыққа» апарғаны тарихи дәлелденген ақиқат.  Бүгінде Еуропа елдері (Голландия, Грекия, Франция, т.б.) ең әсем қызғалдақтарды түр-түрімен өсіріп, дүние жүзіне таратуды бизнес көзіне айналдырып отыр.

Алматыда 29 қазан күні жарияланған жалпықалалық сенбілікте 50 мың қызғалдақ егілді. «Отанына оралған» гүлдердің 30 мыңы ҚР Тұңғыш Президенті саябағының сәнін келтіретін болса, қалғаны Орталық мәдениет және демалыс саябағында отырғызылды. Сенбіліктегі қызғалдақ егуге шаһар басшысы Б.Байбек қатысты.

Бұдан өзге Тұңғыш Президент саябағында 50 түп ағаш отырғызылып, 20 қырғауыл мен 10 ақтиін жіберілді. Отыр­ғызылған талдардың арасында Оңтүстік Америкада өсетін 5 «қызғалдақ ағашы» бар екен. Экзотикалық ағаштар шамамен бес жылда гүлдеп, ашылған гүлдер қызғалдаққа ұқсас болады дейді мамандар.

Жалпықалалық сенбілікке 250 мыңнан астам адам шығып, қала бойынша 1010 көшет отырғызылды. Сенбі­лікке танымал спортшылар, өнерпаздар, қоғам қайраткер­лері, студенттер мен оқушылар, ПИК-тер, басқа да алматы­лықтар шығып, «Ортақ үйдің» тазалығына атсалысты. Сен­білік кезінде қоқыс шығаруға 600 арнайы техника тартылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *