МЕГАПОЛИС ҚЫСҚЫ АУА-РАЙЫНА ДАЙЫН

img_1225911831

Алматы көшелерінде қатқаққа қарсы қоспа төгіліп, жауын-шашынға қарсы жұмыстар жасалды. Соңғы тәулікте ауа-райы бұзылып, температура 2 градусқа түсуіне байланысты қалалық қызметтер маусымдық жұмыстарын жандандырды. Қаланың орталық және солтүстік аймақтарында 26 қазан түнгі сағат 01.00-ден бастап көшелерге қатқаққа қарсы қоспа себілді. Осындай жұмыстар шаһардың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында да жасалды.

Жауған қарды жинауға және қатқаққа қарсы жұмыстарға осы аптада 300 тоннадан астам қоспа пайдаланылып, 127 техника шығарылды. Алматы жолдары мен көшелерінде ауа-райының қолайсыздығымен күресуге жаңа инвестициялық технологиямен дайындалған қоспалар пайдаланылуда. Былтырғы маусымнан бастап қолданыстағы қоспалардың тиімділігі жақсы болып тұр.

Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қаланың коммуналдық қызметтері қандай ауа-райына да дайын деп отыр.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *