МЕГАПОЛИС ДИОДТЫ ЖАРЫҚПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

27Алматы Үйлестіру кеңесі 13 жобаның жүзеге асуын мақұлдады

Жыл соңында өткен кеңестің оты­рысында күн тәртібіне қойылған жоба­лардың 10-ы «Бизнестің жол картасына» еніп 1,4 млрд. теңгені құраса, Алматы Индус­триаландыру карта­сына 12 млрд. теңгенің 3 жобасы кірді. Бүгінгі таңда Алматыда Индустриаландыру карта­сына 46 жоба, Индустриалдық аймаққа 39 жоба, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарла­масына 2015 жыл басынан 136 жоба енді.

Алматы қалалық әкімдігі Индустриа­ландыру картасы аясында мақұлданған жобалар Түрксіб, Жетісу, Медеу аудан­дарында жаңа индустриалдық даму орын­дарын ашады деп отыр. Мысалы, Түрксіб ауданында «Алматы вагон зауытын» модернизациялау жүргізіліп, зауытта жеңіл рельсті көлік және жолаушы вагондары жасалатын болады. Жобаның жүзеге асуы трамвай мен қала маңына қатынайтын электрлі пойыздар шығаруға мүмкіндік береді. Қала маңына қатынайтын пойыздар облыс орталықтары мен Алматы, Астана, Шымкент секілді ірі қалалардың қажетін өтейді. Жылдамдығы сағатына 120 шақырымнан асатын жүрдек пойыздарға арналған жоғары жайлы­лықтағы вагондар Қазақстан үшін ресейлік, қытайлық, өзбектік вагондардың импортын азайтады.

Жетісу ауданында «Асфальтбетон-1» ЖШС өндіріс орнын модернизациялау жасалады. Қайта жарақталған өндірісте компания асфальтбетон өнімін көбейтуді жоспарлап отыр. Жаңа технологиямен өндірілген асфальтбетон қоспасы төселген жолдардың қызмет ету мерзімі бірнеше есеге ұзарады. Мегаполисті  диодты жарық­пен қамтуды қолға алатын «Компания БалХан» ЖШС Медеу ауданында орна­ласқан. Компания көшелерде, өндіріс орындары мен кеңселердің ішкі жарық көздерін қамтамасыз ететін диотты жарық шамдарының өндірісін кеңейтуге мүдделі.

Алматыда көше жарығын модер­низациялау қолға алынады. Жоба аясында 70 мың натрий шамдары энерготиімді жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. Жоба Еуропа даму және қайта қаржы­ландыру банкі мен «Жасыл экономика» қорының қолдауымен жүзеге асады. Жоба 2016 жылдың бірінші жартысында қолға алынып, 2017 жылы аяқталады деп жос­парланған.

Жарық диодтарын қолданған жарық көздері ұзақ мерзімді және жоғары тиімді болып келеді. Және олар жиі жөндеуді қажет етпей, электр қуатын 50 пайызға үнемдейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *