МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ

302Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында еліміздегі медресе жетекшілерінің мә­жілісі өтті. Басқосуда діни оқу орындарындағы білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Бас мүфти Ержан қажы Малға­жыұлының баста­масымен медресеаралық рес­публикалық білім сайысын ұйымдастыру мәселесі пысық­талды.

– Бұл шара медресе ұстаздары мен шәкірттерінің білім деңгейін көтеруге ықпал етеді. Болашақ имамдардың жан-жақты қабілетін осындай ізгі іс-шаралар арқылы арттыруға көңіл бөліп отырмыз, – дейді ҚМДБ Діни оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев.

Талқылауда шәкірттерге өзге де пәндерден (шешендік өнер, уағыз әдебі, тарих, қазақ тілі, салт-дәстүр, т.б.) сабақ беру, оларды ортақ діни оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

www.muftyat.kz    

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *