Медициналық мекемелердің жабдықталуы тоқсан пайызды құрауы тиіс

Бұл туралы өткен аптада Алматыда өткен «Денсаулық сақтау ісіндегі инновациялар» Халықаралық форумында  сөйлеген сөзінде  қала басшысы Бақытжан Сағынтаев  мәлімдеді.

Нұржамал  БАЙСАҚАЛ

Осы  алқалы жиында сөйлеген сөзінде қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырза Алматы қаласының медициналық мүмкіндіктеріне айрықша тоқталып, алдағы үш жылда, нақтырақ айтқанда, 2022 жылдың соңына дейін Алматы қаласындағы емдеу мекемелерін заманауи жаңа  медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тоқсан пайызды құрайтындығын  және бүгінгі күні инвестициялық шығындарды өтеу қажеттілігінсіз қала ұйымдарында қымбат тұратын диагностикалық құрал-жабдықтарды  орнатуға  мүмкіндік барын айтты.

Қазіргі таңда Алматының денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер аз емес, ірі  медициналық орталықтарды айтпағанда, қалалық клиникалық ауруханаларда өте күрделі  жоғары технологиялы оталар мен емдеу істері  жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары Алматының емдеу мекемелеріне өз аймақтарымыздың тұрғындары ғана емес, алыс-жақын шет елдерден келіп ем алушылар саны артып, медициналық туризмді дамытудың мол мүмкіндіктері пайда болуда. Ал медициналық мекемелерді жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету биылғы жылдан бастап қолға алынуда.

Биыл Алматы қаласының медициналық  мекемелерінің құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне байланысты аудит жүргізіліп,  нәтижесінде  қаламыздағы емханалар мен ауруханаларды жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен  жабдықтау  алпыс пайызды ғана құрайтындығы анықталған болатын. Бұйыртса, жаңа жылда денсаулық ісіне енгізілетін жаңа МӘМС жүйесі бойынша әрі   сатып алына бастаған  дәлдігі жоғары жаңа медициналық құрал-жабдықтардың көмегімен денсаулығымызды жақсартудың жаңа  жетістіктеріне  қол жеткізетін  боламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *