Медициналық мекемелер жедел жәрдем көліктері мен жабдықтармен толықты

Рая Ескендір

Алматы қаласындағы медициналық мекемелер жаңа жедел жәрдем көліктері мен қажетті жабдықтарға ие болып отыр. Айта кетерлігі, бұған дейін қаламызға ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.
Бұндай көмектер «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберіуді бастаған еді.
Дер кезінде көрсетіліп отырған көмектің арқасында Алматыға 5 өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ), 10 оттегі концентраторы, 80 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, Алматы облысына Shevrolet Damas маркалы 4 жедел жәрдем көлігі келді.
-«Біз «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына көрсеткен көмегі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Отандық медицина алғаш рет осындай үлкен қауіпке тап болды. Біздің елімізде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған жандарды қолдауға дайын көптеген азаматтардың бар екеніне өте қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді және ортақ күш-жігермен біз жақын арада қалыпты өмірге орала аламыз деп үміттенеміз», — дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров.
Сондай-ақ, дәл осындай жиынтықтарды еліміздің әрбір облысы мен республикалық маңызы бар қалалары да алады.
-«Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.
Меморандум аясында Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *