Медицина қызметкерлерінің спартакиадасы

Н.Тегінбайқызы

 

Алатау ауданына  қарасты емдеу мекеме­лерінің қызметкерлері арасында    2016—02019 жылдарға арналған « Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және алда келе жатқан Медицина қызметкерлері күніне орай спорттық  ойындардан спартакиада өткізілді.  Оған  осы аудандағы №14,22,23,25,29 емханалардың қызметкерлері қатысып, жұмыста  ғана емес, спортта да өздерінің белсенді екен­діктерін көрсетті.  Дәрігерлер мен мейірбике­лер бұл жолы үстел теннисі,  300 метрге жүгіру, баскетбол, волейбол  және  шағынфутболдан өздерінің спорттық шеберлік­терін сынға салып, нәтижесінде үстел теннисі бойынша өткізілген жарыста бірінші орынды №25 емхананың командасы, екінші орынды №29, ал үшінші орынды №22  емхана командасы  иеленді.  300 метрге жүгіруден өткен жарыста  бірінші орынды  №25 емхана, екінші  және үшінші орынды №29 емхананың желаяқтары жеңіп алды.  Баскетболдан  ерлер арасындағы  жарыста   №14 емхананың  командасы бірінші орынды,  екінші орынды №29, ал үшінші орынды №25 емхананың баскетболшылары жеңіп алды.  «Шаңырақ-1» ықшамауданында орналасқан № 169 мектептің спорт залында   волейболдан  ерлер арасында өткен  бәсекеде    №14, 29, 25 емханалардың командалары сәйкесінше бірінші, екінші, үшінші орындарды  иеленді. Ал  волейболдан әйелдер арасында өткен жарыста №25 емхананың қыздары белсенділік танытып, бірінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орын №29 емханананың волейболшы қыздарына,  ал үшінші орын №14 емхананың командасына бұйырды .Шағынфутболдан №29 емхананың командасы бірінші, екінщі орынды №23, үшінші орынды №25  емхананың футбол­шылары иеленді.  Бұл жарыстың  мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорт арқылы денсаулықты жақсар­туға үндеу, – дейді Алатау аудандық медицина мекемелері бірлестігінің жетекшісі, №25 емханаың бас дәрігері  Ә .  Мазбаева.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *