Медицина саласының мамандары жеңіске жетті

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Наурыз айының алғашқы аптасына шоғырланған мерекелер қарсаңында әрі Астана қаласының 20 жылдығына орай Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру және «ҚР-ның дене шынықтыру мен спортты дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Әуезов ауданының әкімдігі «Фэмили» демалыс орталығында аудандағы мемлекеттік мекемелерде істейтін әйелдер арасында боулингтен жарыс өткізді.  

Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы сөз сөйлеп ашып, сайысқа қатысатын топтарға сәттілік пен жеңіс тіледі. Тартысты өткен жарыста аудан­дық медицина бірлестігі 1-орынды иеленді. Ал 2-орынға аудандық қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасы табан тіресе, 3-орынды аудандық әкімдік қызметкерлері қанағат тұтты. Жеңімпаздарға аудан әкімінің мақтау қағаздары табысталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close