Медицина саласындағы менеджменттің маңызы зор

Елбасы өзінің кез-келген Жолдау­ларында жастар мәселесіне айрықша мән беріп, олардың дамыған елдердің жастарымен терезелері тең, білімдерінің терең болу керектігін айтып келеді. Бұл әсіресе, Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өте терең айтылып, жеткізілген. Елбасы өзінің осы  мақаласында үш тілділік мәселесін,  адамзатқа ортақ оқулықтарды аударып, оны оқу орындарының оқыту бағдарла­масына  ендіруді талап еткен болатын.  Жуырда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы бойынша  шет тілінен қазақ тіліне ауда­рыл­ған  алғашқы 18 оқулықтың тұсау­кесері болып өткені белгілі.  Бүгінде сол оқулықтар студенттер арасында кең талқыланып, олардың білім беру саласын­да пайдаланудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салуда. Осындай талқылау   С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетінің 02-22  тобының студенттері арасында өтті. Университеттің  шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасы  оқытушыларының  ұйым­дас­тыруымен ағылшын тілі пәні саба­ғында өткен талқылау  кезінде студенттер  аударылған оқулықтар  төңірегінде ғана емес, рухани жаңғыру бағдарламасы төңірегіндегі, осы бағдарламадағы үш тілді­лік,  қазақ тілінің  дәрігерлердің кәсіби тілі болып  саналатын латын әліпбиіне көшірілуі және «Жүз жаңа оқулық» бағдарламасы аясында аударыл­ған Томас Грифиннің  «Менеджмент»   оқулық кітабы төңірегінде  пікір алмасып, ойларын ортаға салды.  Қазіргідей  ғылым мен техника дамып, инновация дәуірлеп келе жатқан заманда  жастардың сол жаңалыққа ілесіп отыру қажеттілігін  білетін болашақ дәрігерлер  медицинадағы менеджментті дамытудың маңыздылығына айрықша тоқталды.  Елімізде медицина  қарқынды дамып,  жоғары технологиялық  үрдістер кеңінен қолданылып жатқаны­мен, сол жетістіктерді дәріптеп, өзге елге өнеге етудің кемшін түсіп жатқандығын  айтып жеткізген   02-22 топтың студенттері  қазақ тіліне аударылып, оны оқыту талап етіліп отырған Томас Грифиннің «Менедж­­мент» кітабы тек экономикалық бағыттағы оқу орындарында ғана емес,  медициналық білім беретін оқу орында­рында да оқытылуын қуана қабылдай­тындықтарын жеткізді.  Талқылау сабағы барысында студенттер Елбасының «Бола­шаққа бағдар: руха­­ни жаңғыру» мақа­ласы туралы  қазақ, орыс, ағылшын тілінде шығарма жазды.

 Г. ҚАЙРАҚБАЕВА,

С. Ж.Асфендияров атындағы

Қаз ҰМУ-нің шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының оқытушысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close