Медеу ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ,

Медеу ауданының әкімі 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы

Салық түсімі 2017 жылмен салыстырғанда 26 млрд теңгеге өсіп, 464 млрд теңгені құрады.

Өндірістік өнімді шығару көлемі (173 өнеркәсіптік кәсіпорын, оның ішінде 10 ірі және орта) 101 млрд теңгені құрады.

Жеке меншік инвестициясы — негізгі капиталға инвестиция көлемі 150 млрд теңгені немесе 2017 жылмен салыстырғанда пайыздық арасалмағы +44% құрады.

Аудан аумағында 11200 кәсіпорын, оның ішінде 296 ірі және орта кәсіпорын орналасқан.

Кіші-орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда – 295 объекті.

2018 жылы Алматы қаласы дамуы бағдарламасының аясында 3644 жұмыс орны жасалды.

Көріктендіру және Төтенше жағдайдың алдын алу

Санитарлық жағдай және ауданның көшелерін тазалау – 403 км ұзындыққа созылған 365 көшенің тазалығын қамтамасыз етеміз, 4 млн сағаттан артық жұмыс сағатын атқардық.

2018 жылы жол төсемінің ұзындығы 30,5 км созылған, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден астам жөндеу жұмыстары жүргізілген, 2017 жылмен салыстырғанда 14,5 км астам.

7 көшеде жаяужол жөнделіп және кеңейтілген. 8 жерасты өтпе жолында жөндеу жүргізілген.

Ауданда 445 км қашықтықта сыртқы жарық желісіне қызмет көрсетіледі.

2018 жылы 40 мың тұрғын қамтылған (әл-Фараби, Восточка және ауданның тұрғындары жиі қоныстанған аймақтары) 23 көшеде қазіргі заманғы диодтық жарықтандыру жүргізілді.

2018 жылы Назарбаев, Абай даңғылдарын және Абай алаңын көріктендірілді.

Қалдаяков көшесінен Орталық паркке дейінгі Гоголь көшесін кезекті жөндеу жұмысын жасадық, жалпы сомасы 142 млн теңгеге бөлшектеу және арық желілерінде, жаяу жүргіншілер жолында, аялдама тұрақтарында, кеспе төсеу, кіші құрылыс формаларын орнату бойынша жөндеу жұмыстары жасалды.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасының аясында Алматы қ. Орталық паркіне 1,6 млрд теңге сомасына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екі жыл ішінде – 140 жақсартылған аялдама кешені орнатылды.

Ғимараттардың сыртқы жағын (қасбетін) көріктендіру.

Достық, Абай, Назарбаев, Хаджи Мұқан даңғылдары, Әйтеке би, Сатпаев көшелері бойынша барлығы 70 млн. теңге соммасына үйді меншіктенушілердің қаржылық үлесінсіз 60 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары жасалды.

2020 жылға дейінгі аймақтарды даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында 47 үйдің жөндеу жұмысы жасалды, лифт ауыстырылды, қасбет боялды, шатыр жөнделді.

Тұрғын үй коммуналды шаруашылық

2018 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 100 аула көріктендірілген. Ауданның барлық аудандарында қазіргі заманғы балалар және спорттық аулаларды орнату жұмысы жасалды.

Біздің ауданда 776 көппәтерлі үй жне 146 ПИК бар.

ТКШ жаңғырту – 2018 жылы ос бағдарлама бойынша 47 үйдің жөндеу жұмысы жасалды.

Горная, Әйтеке би және Жамбыл көшелері бойынша 2,5км ұзындықты қамтитын жылумен және сумен қамтудың инженерлік желілерін қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа желілерге 550 абоненттердің қосылуына мүмкіндік туды.

Аудандағы қауіпсіздік

2018 жылы Медеу ауданында 496 аулада орнатылған 4мың камераның көмегімен 700 қылмыстық құқық бұзушылар анықталды

«Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында 3 мың бейнебақылау камералары 1 мың жекеменшік уйде орнатылды.

Төтенше жағдайдағы ескерту

Селдер мен су тасқындардан қорғану үшін Мынжылқы бөгеті қайта құрылды.

2018 жылдың қыркүйек айында жалпы соммасы 30 млн теңгеге Бегалин көшесі 156 «Б» үйіне авариялық қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жұмыстар толығымен аяқталған.

Білім беру, спорт және тілдерді дамыту.

Ауданның білім беру жүйесінің 28 мемлекеттік және 9 жеке меншік мектептерінде ұсынылған инфрақұрылым аспектілері.

Жыл сайын аудан бойынша оқушылар саны өсуде, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1910 адамға өсті.

Ауданда 74 бала-бақшада 4982 бала қамтылады. 2018 жылы кәсіпкерлердің қолдауымен жалпы саны 18 бала-бақша (жеке меншік бала-бақша және кіші-орталықтар) ашылды, солай 981 орындамыз. Осыған байланысты, орын тапшылығы 30% қысқартылды.

Ауданның мектептері 100% бейнебақылаумен қамтылған. Әр мектепте 8-ден 12-ге дейін бейнеорындар жұмыс істейді.

Оған қоса, 400 астам ноутбук (экран және проектор қосылған) алынды.

Ауданның 8 мектебінде робототехника класстары жұмыс істейді.

2018 жылы жазғы кезеңде ауданның 24 мектебінде.жалпы соммасы 62 млн. теңгеден астам қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру аясында соңғы екі жыл ішінде өткізілген Медеу ауданы «Оқушыларының форумы» қорытындысы бойынша, жүйені дамытуға 160 млн.тг-ден астам жеке инвестиция тартылды. Аталғанқаражатқа спорттық алаңдар салынды, мектеп ғимаратының фасадтары жөнделді, мектеп техникасы сатып алынды және т.б.

Аудан аумағындағы спорттық нысандар мен салауатты өмір салты

Ауданда 111 спорттық нысан орналасқан. Есептік кезеңде 135 мың адамды қамтыған түрлі форматта 150 іс-шара ұйымдастырылды. Қазіргі таңда спорттық нысандардың ішінде 1000-нан астам қатысушысы бар 21 спорттық секциялар жұмыс істейді.

Аталған секциялар жағыдайы төмен және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін тегін.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Халық Арена» мұз айдынында жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 60-тан аса балаға тегін зырғанау ұйымдастырылды.

2018 жылдың 1 желтоқсаны мен  2019 жылдың 1 наурызы аралығында Орталық мәдениет және демалыс саябағында 1500 адамды қамтитын тегін мұз айдыны ұйымдастырылды.

Ауданның денсаулық сақтау саласы

Ауданда 11 медициналық мекеме 210 мың тұрғынға қызмет көрсетеді.

Бүгінде барлық мемлекеттік ауруханалар мен емханалар интернет, компьютерлер, ақпараттық жүйелер және заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бұл науқастарды күту уақытын 20% -ға, кезекте тұру санын 30%-ға қысқартуға септігін тигіссе, дәрігерді үйге шақыруды 1,5 есе жылдамдатуға мүмкіндік берді.

Денсаулық сақтау, бала өлімі, ана өлім-жітім көрсеткіші жақсарғаны анықталды. Туберкулез ауруына шалдығу және туберкулез өлімінің көрсеткіштері төмендеген.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасын енгізу арқылы 2018 жылы «Электрондық Үкімет» порталы арқылы халыққа 43434 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Аудан тұрғындарының 30 мыңнан астам тұрғыны «Достық Плаза» сауда орталығында «Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесінде» электрондық қызмет жүйесін пайдалану бойынша тәжірибелік ақпаратпен қамтылды.

Ауданныңәлеуметтіксаласы

2018 жылыхалықтыңжанбасынашаққандағыорташатабысыкедейлікшегінен төмен азаматтарға (отбасыларға) мақсатты әлеуметтік көмек көрсетудіңжаңа форматы енгізілді, тек жұмысқаорналасуғажәрдемдесушараларыбойыншажұмысқақабілеттіотбасымүшелерініңміндеттітүрдеқатысуыменекітүргебөлінеді: шартсызжәнешарттықаржылықкөмек:

Сондай-ақ, осы форматқа сәйкес тұрғын үй көмегі және әлеуметтік көмек 7 АЕК-нен 200 АЕК көлемінде жүргізіледі.

2018 жылдыңқорытындысына сәйкесазаматтардыңмәртебесінанықтаубойыншажұмыснәтижесі: 2018 жылдың 1 қаңтарынанбастапмәртебесіжоқ — 25 916, оныңішінде 17360 адамжаңартылды.

Медеу ауданында келесі клубтар жұмыс істейді: «Ардагер», «Алма», «Үміт», «ШарАйна», «Шиша» және «Алатау», олар кәріліктің жаңа оң имиджін қалыптастырады. Бұл клубтар денсаулығын сақтауға, дұрыс және пайдалы демалыстарды ұйымдастыруға, қызығушылық пен қоғамдық қызметтің шеңберін кеңейтуге бағытталған қарт адамдарға арналған бағдарламаларды жүзеге асырады. Клуб 700 адамнан тұрады.

«Белсенді ұзақ өмір» Жол картасын іске асыру шеңберінде пилоттық жоба — «Қара жорға» фитнес-жаттықтырушысы және фольклорлық бишісі бар ертеңгілік жаттығу және дене шыныктыру, Алматы қаласында алғаш рет зейнеткерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі, «Зумба» флешмоб биі, қаланың көрікті, мұражайлар мен театрлар. «Жыл әжесі 2018» байқауы.

Демеушілердіңқолдауыменаптасынаекірет Адреналин, Банзайжәне FIGHTCLUB фитнес-клубтарына бару 100-ден астамадамгақамтылады. БүгінгікүніМедеуауданында 27442 зейнеткертіркелді, олардың 70-і ҰлыОтансоғысыныңардагерлері, 2 671-сі тыл ардагерлерi.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай 73 мүгедек пен соғыс ардагеріне жергілікті бюджеттен 18 миллион 250 мың теңге көлемінде 250 мың теңге төленді.

Мереке күндері ресторандарда 950 соғыс және еңбек ардагерлері 6,6 млн. теңгеге қайырымдылық асханаларына шақырылды, 420 адам 3,5 млн. теңгеге азық-түлік пакеттерін алды.

Медициналық мекемелерде тар мамандардың қатысуымен тасымалданбайтын зейнеткерлер үйінде «Ашық есіктер» және далалық тексерулер өтті.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну.

Азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінде 13479 қызмет көрсетілді, оның ішінде: 7131 ХҚКО, 4427 мемлекеттік органы арқылы, 2921 электрондық үкімет порталдар арқылы.

Мемлекеттік қызмет сапасы туралы шағымдар болмады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі бойынша бұзушылық анықталмады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *