Үмбетбай Уайдиннің батасын алған

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

 

Өткеннің жақсы-жама­нынан да тәлім алуға болады. Алаш көсемі Әли­хан Бөкей­­ханов: «Рухани мәде­ниеттің бір бел­гісі – жұрт бала­сына жалпы оқу, газет, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жет­кені ғылым жо­лында бәрі бар, білім­ге кең жол ашылды, тек ниет бол­сын делік», — дейді. Осыған Конфу­цийдің: «Адамгершілігі барлар бас­қаларға тірек болады, басқаларға жетіс­тікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетіс­тікке жетуді қалайды» деген сөзін қосып қойсаңыз болар еді.

2016 жылғы 21 маусымда «Алматы ақшамы» газетінде «Жоқты іздеу әбігері немесе бір жапырақ қағаздың қызығы мен шыжығы» атты мақала жария­ланған еді. Мақала авторы белгілі сати­рик, педагог ағамыз Үмбетбай Уайдин болатын. Әңгіме арқауы 4-сынып оқушысы Дінмұхамед Есенұлы Болат­тың жоғалған кітаптары мен құжат­тарының айналасында өрбіген болатын.

Адам қоғамдық даму­дың жемісі. Ал қоғам – халықтың бір-біріне деген қарым-қатына­сынан тұрады. Мұндағы әрбір қадам – адамдық бол­мыстың, тіршілік ауа­нын­да болып жатқан қиындықтар мен дағда­рыс­тардың ішкі мәнін түзейді. Демек, қай кезде болмасын, қоғам­ның бет­алысын  түсіну үшін оның дамуына өз үлесіңді қосқан­да ғана күніміз нұрлы болмақ.

Жазушы-педагог Үмбетбай ағамыз осы орайда азаматтық бел­сен­ділігін көрсете білге­нін айта кеткеніміз жөн. Себебі, жазу­шы ағамыз­дың үлкен жүректі аза­маттығы бүгінгі әңгіме­міздің бар мәні болып отыр.

«Алматы ақшамы» газеті қоғамда аракі­дік кездесіп жататын мәселеге немқұрайды қараған емес. Жалпы, ұлттың ертеңі сана­латын ұрпақтың тағдыры қай-қайсымызды да бейжай қалдырмауы тиіс. Әсіре­се, сол ұл-қызды өмірге әкелген ата-ана жауап­кершілігі бәрінен биік тұрары хақ.

Қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза-Әлінің «Барыңды күзет, арыңды күзет, өзіңді күзет» деген тәрбиелі сөзі бар. Барың­ды күзету, арыңды күзе­ту, ұрпа­ғыңды күзету осы күні баршамызға үл­кен сын болып тұр. Шын­дықтың шырайы жауап­кершілікті сезін­генде ғана кіреді десек, Үмбетбай ағамыз кісілік айнасы, тәрбие бесігі ту­ралы ағынан жары­лыпты.

Оқу мотивациясы оқушының білім мазмұнын белсенді меңгеруді, танымдық әрекеттерді оята­тын үрдіс. Білім игеру үрдісі белсенді әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл бағытта алды­мен баланың сабаққа белсенділігін арт­тырып, оқушының тұрақты танымдық қызығушылығын ояту нағыз педагогтың ісі. Жазушының көзі тірісінде Дін­мұхамед Есенұлына жазған хаты нағыз тәрбиенің үлгісі дерлік.

Баланың рухани ең жақын досына айналған Үмбетбай ағамыздың бала Дінмұхамедке жазған достық хатын мектеп оқулығына кіргізсек те болар еді.

Өмірде жоғары жетістікке жеткен кісі­лердің мектептегі ұстазын ерекше ілтипат­пен еске алып, тіпті көзі тірі болса, олармен қарым-қатынасын үз­бей, баласындай қамқорлығын көрсетіп тұратынын күнделікті көріп те жүрміз.

Бүгінде баланың «бұлақ көзін» аша білген ғалым-ұстаз, марқұм Үмбетбай ағамыздың отбасымен бала Димаштың ата-әжесі қоғам қайраткері Болат Әужанов пен ғалым-педагог Назгүл Бектұрсынқызы араласып оны жара­сымды сыйластыққа айналдырып отыр.

Бұл күнде Дінмұхамед Алматы қала­сындағы №81 арнайы мектеп-гимназия­сында оқиды. Таным көкжиегін кеңейту мақсатында Италия, Біріккен Араб Әмірлі­гінде, Түркия елдерінде болған.

Жақында болашағынан үміт күткен Димаштың Көкбөрі – дала тағысы» атты тырнақалды кітабы жарық көрді. Онда бала Димаштың көзқарасымен жазылған таным­дық ой-дүниелері мен салған сурет­тері жарияланыпты. Бала­ның көңіліне сенім ұялату деген осы болар. Димашжан, өрісің кеңейе берсін!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close